Оқиға

Алматыда "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Жазылу
Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды, деп хабарлайды "Хабар24".
Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді.
"Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.
Айта кетері, 2021 жылдың шілде айында астанада "Дикий Арманды" спецназ ұстады деген ақпарат тарады. Автор Нұр-Сұлтан полициясы жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс әлемінің серкелері "Дикий Арман", Алиба "Семский" және олардың достарын ұстағанын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

"Жедел іздестіру және рейд шараларын өткізу барысында көңіл көтеру мекемелерінің бірінде алты адам ұсталды. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция көңіл көтеру мекемелерінде қылмыстың алдын алу үшін жедел алдын алу және рейдтік шараларды үнемі жүргізіп тұрады, деді департаменттегілер.
Бұдан кейін өткен жылдың қарашасында әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиевтің әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық боксшыларға ақша таратқан видео қызу талқыланды. Instagram-пабликтердің бірі Дикий Арманның Қазақстан атынан шыққан әр спортшыға екі мың доллардан (шамамен 840 мың теңге) таратқанын жазды.
"Ұтылған спортшыларға ақша беріп жатыр деп шу шығып жатыр. Ол өз қалтамнан берілген ақша. Спортшылардың еңсесі көтерілсін деп берілді. 18 жастағы мықты-мықты спортшылар, олар ұтылған жоқ, ұтты. Ертең олардың спорттан көңілі қалып, спортты тастап кетуі мүмкін. Жаман жағынан емес, жақсы жағынан істелген амал", - деген еді сол кезде Арман Жұмагелдиев.
Жаңалықтар
0