Өңірлер

Алматы облысында 16 жастағы қыз моланың ішінде жалаңаш жүгіруге мәжбүр болған

CC0 / Iva Balk / Спиннер в руках у девушки
Спиннер в руках у девушки - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2022
Жазылу
16 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан екі қызбен өзеннің маңында кездескен
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында белгісіз біреулер 16 жастағы оқушы қызға қорлық көрсеткен. Мұнысымен қоймай олар бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Осылай деп шағымданған бойжеткеннің ата-анасы кінәлілердің жазалануын сұрап отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Сұмдық оқиға 24 желтоқсан күні кешкі уақытта болған. 16 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан екі қызбен өзеннің маңында кездеседі. Оның айтуынша, қыздар сол жерде бойжеткенді ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен екі жігітті шақырған.
Галинаның айтуынша, қос бойжеткен өзін сырттай бақылап жүрген. Кездесу кезінде ештеңе түсіндірместен жұдырық ала жүгірген. Басынан ұрып, денесінің сау-тамтығын қалдырмаған.
"Олар маған ауылда біз туралы қауесет тараттың деп сес көрсетті. Біздің нашақор екенімізді, есірткі қолданатынымзды кімге айттың деп ұра бастады. Мен оларды тіпті мүлде танымаймын", - дейді Боралдай кентінің тұрғыны Галина Тыркова.
Бойжеткен қорланғаны жайлы алғашында үйдегілерге тіс жармаған. Үш күннен соң әлгі қыздар оны қайта соққыға жыққан. Киімін шешіп мазардың ішімен ары-бері жүгіруін бұйырған. Сорақысы бұл қылықтарын видеоға түсіріп, желіге жүктеген.
"Желтоқсанның 27-і күні қызым үйге көк ала қойдай боп келді. Мұрны сынған. Беті аузы ісіп кеткен. Алғашында не болғанын сұрағанымда айтпай қойды. Кейін мән-жайды түсіндірді. Бірден полиция шақырдым. Біз зорлық көрсеткен екі жігіттің де оларды видеоға түсірген достарының да әділ жазалануын сұраймыз", - дейді анасы Надежда Тыркова.
Полиция департаменті іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 123-ші бабы екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Әбілтай Әбенов.
Айта кетері, бұл бап бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Оқи отырыңыз: Анасы сенбеген: қыз зорланған сәтін аудиоға жазып алды, өгей әкесі ұсталды 
Жаңалықтар
0