Өңірлер

Анасы сенбеген: қыз зорланған сәтін аудиоға жазып алды, өгей әкесі ұсталды

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Қыздың анасы мен әжесі, сондай-ақ колледж әкімшілігі оның сөзіне сенбеген. Ол өзіне қол жұмсағысы келгені үшін біраз уақытын психиатриялық клиникада өткізіпті

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Оралда 52 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Жәбірленуші өгей әкесі төрт жыл бойы азғындық әрекет жасап келгенін мәлімдеді, деп жазды "Уральская неделя".

Қазір қыз 17 жаста. Ол өгей әкесі 13 жасынан бастап зорлағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, анасы жұмыстан кеш келіп жүрген. Кәмелетке толмаған қыз өгей әкесіне қарсылық көрсетуге тырысқан, әр жолы денесі көгеріп қалса да ешкім мән бермеген.  

4 жыл бойы көмек сұраған

Төрт жыл бойы қыз анасынан, психологтар мен мектептегі, содан кейін колледждегі мұғалімдерден көмек сұраған. Бірақ оған сенбепті, "қиялдан" бас тартуды талап еткен, тіпті өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағаны үшін психиатриялық ауруханаға жатқызып қойған.

Қыз кезекті рет зорлық-зомбылық туралы хабарлаған кезде, анасы мен өгей әкесі колледжге шақырылған. Сол кезде жәбірленуші зорлықты растайтын аудиожазбаны қосқан.

"Олардың барлығы есеңгіреп қалды. Өгей әкемнен "бұл сенің дауысың ба?" деп сұрады. Ол "иә" деп мойындады. Мас болғанын айтты. Содан кейін оны полицияға жеткізді, үйге қайтып келмеді", - деп атап өтті бойжеткен.

Полицияның хабарлауынша, 52 жастағы күдікті өткен жұмада ұсталған. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0