Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Төтенше жағдай режимі қашан күшін жояды – Тоқаевтың баспасөз хатшысы ақпарат таратты

© Sputnik / Эдуард ГалеевАлматинцы устраняют последствия погромов в городе
Алматинцы устраняют последствия погромов в городе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Бұған дейін бірнеше өңірде төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылмайды. 19 қаңтарда бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"19 қаңтарда жарым түннен кейін, яғни сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.
Бұған дейін президенттің жарлықтарына сәйкес, өзге өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.
Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, тағы басқа қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.
Берік Уәли сондай-ақ халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілгенін атап өтті.

Қазақстандағы бүлік

2022 жылдың басында елдің батысында жаппай нарызылық басталды. Оған автокөлікке құятын газдың 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болған. Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.
Кейінірек Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Шабуылдаушылар халықтың автогаз бағасына деген наразылығын желеу еткен.
Ел билігі бүкіл республикада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция бастады.
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр.
Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланған. Қалада тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр.
Алматыда бүлікшілер 1 600-ден астам сауда нысанын тонап, 356 көлікке зақым келтірген. Қалада күш құрылымдарының 1 097 қызметкері зардап шекті. Медициналық мекемеде 5 адам жатыр, ішінде екеуі ауыр хәлде. 9 қызметкер қаза тапты.
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 1 002 адам қамақта отыр.
Оқи отырыңыз: Желіде Алматы әкіміне оқ атылған сәттің видеосы тарады
Жаңалықтар
0