Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Желіде Алматы әкіміне оқ атылған сәттің видеосы тарады

© Sputnik / Абзал КалиевБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Шабуыл жасалған сәтте Сағынтаев штабтағы әріптестерімен бірге әкімдікке бара жатқан
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды. Қала әкімдігі видеоның 6 қаңтарда түсірілгенін растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның бейнежазбасы шынайы екенін растайды. Тергеу жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде өлім аузынан қалай аман қалғанын айтып берді.
"Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдік пен алаңды тазартқан кезде біз штабтағы әріптестерімізбен бірге әкімдікке бара жатқанбыз, жолда бізге оқ атты. Олар бізді күтіп тұрды, біздің келе жатқанымызды, бағытымызды білді. Алдымыздан шығып, барлық жақтан оқ жаудырды", - деді Сағынтаев.
Соның салдарынан әкімдік қызметкерлері – спорт және дін басқармаларының басшылары жарақат алған. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаевтың жүргізушісі зардап шекті. "Алматы" телеарнасының жүргізушісі қаза тапты.

Қазақстандағы бүлік

2022 жылдың басында елдің батысында жаппай нарызылық басталды. Оған автокөлікке құятын газдың 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болған. Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.
Кейінірек Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Шабуылдаушылар халықтың автогаз бағасына деген наразылығын желеу еткен.
Ел билігі бүкіл республикада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция бастады.
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр.
Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланған. Қалада тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр.
Алматыда бүлікшілер 1 600-ден астам сауда нысанын тонап, 356 көлікке зақым келтірген. Қалада күш құрылымдарының 1 097 қызметкері зардап шекті. Медициналық мекемеде 5 адам жатыр, ішінде екеуі ауыр хәлде. 9 қызметкер қаза тапты.
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 1 002 адам қамақта отыр.
Жаңалықтар
0