Өңірлер

Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған көпбалалы әйелдің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Марқұмның күйеуі 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған балалармен бірге жалғыз қалды
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әйелдің отбасымен кездесті.
Қала әкімі артында төрт баласы қалған марқұмның туыстарына көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды.
5 қаңтар кешке марқұм әйел жөргектегі сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек қажет болғандықтан, қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шыққан. Оқ тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Марқұмның күйеуі 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған балалармен бірге жалғыз қалды.
Осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты 4 баласымен бірге жалдамалы пәтерге тұрған.
Айта кетері, бұған дейін "Алматы" телеарнасы ұжымымен кездесуде Бақытжан Сағынтаев қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жүргізуші Мұратхан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Оның отбасына материалдық көмек көрсетіліп, 3 бөлмелі пәтер берілетін болды.
Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде көз жұмған 4 жасар баланың отбасына көңіл айтып, отбасыға материалдық көмек көрсетілетінін, сондай-ақ 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты. Бұл отбасының 4 жастағы қызы көз жұмды, 15 жастағы қызы жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда баласын емізіп отырған әйел оққа ұшты
 
Жаңалықтар
0