Өңірлер

Сағынтаев бүлікшілер қиратқан телеарналардың ғимараттарын аралап көрді

© Photo : Алматы әкімдігіАлматыдағы тәртіпсіздіктердің салдары
Алматыдағы тәртіпсіздіктердің салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Алматы әкімі қиын уақытта батылдық танытып, кәсіби міндеттерін адал атқарғаны үшін журналистерге алғыс айтты
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында террористердің шабуылына ұшыраған БАҚ редакцияларына барды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Алматы" телеарнасы ұжымымен кездесуде Бақытжан Сағынтаев қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жүргізуші Мұратхан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Оның отбасына материалдық көмек көрсетіліп, 3 бөлмелі пәтер беріледі.
Әкім қолынан жарақат алған телеоператор Диаскен Байтибаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, жолдастарын эвакуациялауға көмектескен телеоператор Арсен Сандыбаевқа алғысын білдірді. Оларға материалдық қолдау, сондай-ақ одан әрі оңалтуға көмек көрсетіледі.
Сағынтаев сондай-ақ барлық қызметкерге тәртіпсіздік кезінде азаматтарды хабардар ету бойынша батылдық пен кәсіби міндеттерді орындағаны үшін алғыс айтты.
Қала әкімі бандалық топтардың қолынан зардап шеккен "Қазақстан", "Хабар", "Мир", "Первый канал Евразия" телеарналары орналасқан ғимараттарды аралап көрді. Техникалық тексеруден кейін қысқа мерзімде қалпына келтіру басталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда тәртіпсіздік кезінде екі қызына оқ тиген отбасыға көмек көрсетіледі 
Жаңалықтар
0