Қоғам

Мәжіліс сайлау және партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді қарайды – не өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанцы голосуют на выборах
Казахстанцы голосуют на выборах - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Алдағы бейсенбіде, 20 қаңтарда жұмыс тобы отырыс өткізіп, сайлау заңнамасына қатысты бірден үш заңға енгізілетін түзетулерді қарайды
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов сайлау туралы, саяси партиялар және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәжілістің жұмыс тобы аясында депутаттар қандай мәселелерді қарайтынын айтты.
Мәжіліс сайтында бейсенбі, 20 қаңтарда депутаттар бірден үш заң жобасын қарайтыны жазылған.
Комитет басшысы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында бұл заң жобаларының барлығы өткен жылдың желтоқсан айында мәжіліске түскенін атап өтті.  
"Заң жобаларында екі тұжырымдамалық түзету қарастырылған – бұл квотаны бөлуге қатысты мәселелер. Саяси партияларға арналған квота депутаттыққа кандидаттар арасында 30% жастар мен әйелдер болуын міндеттеді, енді бұл тізім мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толықтырылады. Заң шағын, 3-4 баптан тұрады", - деді Қожахметов.
Сондай-ақ мәжілісмен қазір жұмыс тобына басқа да түзетулер енгізу бойынша депутаттардан ұсыныс түсіп жатқанын, алайда барлық тұжырымдамалық өзгерістер басқа жұмыс тобы аясында қаралатынын айтты.
Бейбіт наразылық білдірушілер көтерген парламентке тікелей сайлау (қазір депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады) туралы мәселе мәжілісте талқыланды ма деген сұраққа Арман Қожахметов жоқ деп жауап берді.  
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынды 
Жаңалықтар
0