Қоғам

Мәжіліс депутаты Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынды

CC0 / M Ameen / Младенец
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2022
Жазылу
Оның айтуынша, бұл елдегі демографиялық жағдайдың артуына айтарлықтай үлес қосады
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров елде "ана капиталын" енгізуді ұсынды. 
Оның айтуынша, бұл елдегі демографиялық жағдайдың артуына айтарлықтай үлес қосады. 
"Осы тұрғыда, әлеуметтік қор аясында, Қазақстан "ана капиталын" енгізуді ұсынамын. "Ана капиталы" еліміздің демографиясына түрткі бола тұрып, көп балалы жанұяларды әлеуметтік қорғаудың инструменті болады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл үшін қорға жүйелі түрде қаржы түсіп, ол қаржы ұқыпты жұмсалуға тиіс.
"Мұнайдан түскен қаржының бір бөлігін осы қорға жіберуді ұсынамын. Қор жұртшылықтың ашық бақылауында болуы керек. Қордың қаржысын салатын қаржы инструменттерінің өзі ашық талқылаудан өтуі тиіс", - деп жазды депутат.
Оқи отырыңыз: 
 
Жаңалықтар
0