https://sputnik.kz/20220117/Turkistan-oblysy-qaru-19157242.html
Түркістан облысының тұрғындарынан қару, есірткі және діни әдебиет тәркіленді
Түркістан облысының тұрғындарынан қару, есірткі және діни әдебиет тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Полиция облыс тұрғындарынан бірнеше шолақ мылтық, газ тапаншасы, оқ-дәрі, травматикалық тапанша, марихуана тапты 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T09:30+0500
2022-01-17T09:30+0500
2023-08-09T17:16+0500
өңірлер
түркістан облысы
есірткі
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі күн ішінде заңсыз қару, есірткі мен діни сипаттағы материалдар сақтаған жеті адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.Облыс аумағында азаматтардың қауіпсіздігі үшін "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр."Отырар ауданында криминалды полиция жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ер адамнан қағазға оралған марихуана және 36 оғы бар, тіркелмеген қосауыз аңшы мылтығы табылды. Сонымен қатар, күдіктіден діни сипаттағы жиырмадан аса кітап, брошюра және журнал тәркіленді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ Түлкібас, Жетісай, Мақтарал, Ордабасы, Сарығаш аудандарының тұрғындарынан да қару тәркіленді. Полиция олардан тіркелмеген сигналдық тапанша, 16 калибрлі шолақ мылтық, тіркелмеген газ тапаншасы, түрлі калибрлі 20-дан астам оқ-дәрі, металл және ағаш шоқпар, 16 калибрлі шолақ мылтық, 12 калибрлі шолақ мылтық, травматикалық тапанша, марихуана оралған түйіншек тапты. Оқи отырыңыз: Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталдыКентау қаласының аумағында бір тұрғыннан марихуана мен металл кастет тәркіленді.Барлық факті Қылмыстық кодекстің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.Тергеушілерге күдіктілер қаруды қандай мақсатпен сақтағанын анықтауға тура келеді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, есірткі, қару-жарақ
түркістан облысы, есірткі, қару-жарақ
Түркістан облысының тұрғындарынан қару, есірткі және діни әдебиет тәркіленді
09:30 17.01.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Полиция облыс тұрғындарынан бірнеше шолақ мылтық, газ тапаншасы, оқ-дәрі, травматикалық тапанша, марихуана тапты
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі күн ішінде заңсыз қару, есірткі мен діни сипаттағы материалдар сақтаған жеті адамды ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Облыс аумағында азаматтардың қауіпсіздігі үшін "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр.
"Отырар ауданында криминалды полиция жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ер адамнан қағазға оралған марихуана және 36 оғы бар, тіркелмеген қосауыз аңшы мылтығы табылды. Сонымен қатар, күдіктіден діни сипаттағы жиырмадан аса кітап, брошюра және журнал тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Түлкібас, Жетісай, Мақтарал, Ордабасы, Сарығаш аудандарының тұрғындарынан да қару тәркіленді. Полиция олардан тіркелмеген сигналдық тапанша, 16 калибрлі шолақ мылтық, тіркелмеген газ тапаншасы, түрлі калибрлі 20-дан астам оқ-дәрі, металл және ағаш шоқпар, 16 калибрлі шолақ мылтық, 12 калибрлі шолақ мылтық, травматикалық тапанша, марихуана оралған түйіншек тапты.
Кентау қаласының аумағында бір тұрғыннан марихуана мен металл кастет тәркіленді.
Барлық факті Қылмыстық кодекстің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Тергеушілерге күдіктілер қаруды қандай мақсатпен сақтағанын анықтауға тура келеді.