Қоғам

Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды

© AP Photo / Vladimir TretyakovАлматы, бесінші қаңтар
Алматы, бесінші қаңтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Алматы комендатурасы қанша тонаушы ұсталғанын, сондай-ақ қанша қару тәркіленгенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда антитеррористік операция басталғалы бері (5 қаңтар) заңсыз акция, тонау және басқа да қылмысқа қатысы бар 2 601 адам ұсталды, деп хабарлайды қала комендатурасының жедел штабы.
"Антитеррористік операция басталғалы бері заңсыз акция, тонау және басқа да қылмысқа қатысы бар 2 601 адам ұсталды. Барлығы 127 бірлік атыс қаруы мен 4077 оқ-дәрі тәркіленді", - делінген комендатура хабарламасында.
Өткен тәулікте "102" пультіне 329 хабарлама келді, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл түсті.
Бұған дейін қалалық прокуратура хабарлағандай, Алматыда тәртіпсіздік қорытындысы бойынша 405 қылмыстық іс тергеліп жатыр, 249 адам қамауға алынды.
Алматы коменданты Қанат Таймерденов қалада тәртіпсіздіктер кезінде 149 адам, күш қүрылымдарының 11 қызметкері қаза болғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0