Әлем

Ресей авиатасымалдағыш ұшақтарға қарсы жаңа крейсерді таныстырды   

© РИА Новости / Медиабанкке өтуПодводная лодка. Архивное фото
Подводная лодка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
"Антей" сүңгуір қайықтары авиатасымалдағыш соққы жасаушы топтарға қарсы тұру кезінде ресейлік флотта басымдыққа ие болады
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Тынық мұхиты флоты модернизацияланған 949 АМ "Антей" атомды сүңгуір қайықтарымен толығады. Бұл сүңгуір қайықтар әскери-теңіз флотындағы кез келген басқа кемеге қарағанда бортында әлдеқайда көп қанатты зымыран алып жүре алады. Ал сипаттамасы және әскери мүмкіндіктері бойынша соңғы, төртінші буынға жататын атомды сүңгуір қайықтарына жақындай түсті, деп жазды РИА Новости.
949А жобасының сегіз атомды сүңгуір зымыран крейсері (АСЗК) Солтүстік және Тынық мұхиты флоттарында қызмет етіп жатыр. Қайықтар Әлем мұхитын шарлап, ұзақ уақытқа созылатын патрульдеуге аттанып, оқу-жаттығуларға тұрақты қатысады. Ту-22М3 бомбалаушылары секілді "Антей" сүңгуір қайықтары да авиатасымалдағыш соққы жасаушы топтарға қарсы тұратын ресейлік флотта басымдыққа ие. Бірақ олардың бір кемшілігі – мерзімі.
Бронемашина турецкого холдинга Otokar - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Қазақстан түріктің ARMA броньды машинасына не себепті қызықты?
Ең жаңа К-150 "Томск" қайығының қолданысқа енгеніне биыл 26 жыл толса, қалғанының қызмет ету мерзімі 30 жылдан асып кетті. Ал бұл әскери-теңіз техникасы үшін біршама үлкен мерзім. Бірақ келесі буынға жататын атомды сүңгуір қайықтарының салынып жатқанына қарамастан, Ресей қорғаныс министрлігі "Антейлерді" тізімнен шығаруға асығар емес.
Модернизациялау бағдарламасы 2010 жылдары дайындалды. 1988 жылдан бері қолданыста болған К-132 "Иркутск" сүңгуір қайығы жаңартылған 949АМ жобасының алғашқы атомды суасты зымыран крейсері болмақ. Крейсер 13 жылдан бері жөндеуде жатыр. Бірақ бірқатар себепке байланысты модернизациялауға тек 2019 жылы кірісті. Атомды сүңгуір қайығы Тынық мұхиты флотында әскери қызметке қайта кірісуі осы жылға жоспарланып отыр.
Ең алдымен "Иркустктің" қару-жарағы жаңартылады: кемеге қарсы жоғары дыбысты П-700 "Гранит" ауыр зымырандарының орнына әлдеқайда жеңіл және қуатты "Оникс" пен "Калибр" қолданылады. Оның саны 72-ге дейін ұлғайтылады деп көзделіп отыр. Ресей Әскери-теңіз флотындағы ешбір кемеде мұндай арсенал жоқ. Ал "Антейдің" тіпті корпусын қайта жасақтау қажеттілігі туындаған жоқ. Крейсердің небәрі іске қосу контейнерлері модификацияланды.
Атомды сүңгуір зымыран крейсерінің толық емес жаппай оқ атуы авиатасымалдаушы топтың көзін жоюға қауқары жетеді. Себебі әуедегі шабуылға қарсы кемедегі қорғаныс жүйесі жылдамдығы жоғары бірнеше ондаған оқ-дәріні бірден анықтай алмайды.
Подразделения министерства обороны ликвидируют  боеприпасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Саясат
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Ал "Антейдің" әскери қуаты арта бермек. Жақын уақытта "Калибрлер" секілді қондырғыларға орналастырылған гипердыбысты "Циркондар" да жаппай қарулануға қабылданады. Батыс ресейлік кемеге қарсы зымырандарды соғып құлататын техникасы жоқ екенін мойындап отыр.
"Омнибус-М" әскери ақпараттық-басқару жүйесі (ӘАБЖ) көп процесті автоматтандырады және жеңілдетеді. Сонымен қатар оның барлық электроникасы жаңартылып, қайыққа заманауи байланыс құралдары мен гидроакустикалық кешен орнатылады.
"Модернизация пайдалану мерзімін кемінде он жылға ұзартуға және Тынық мұхиты флотының соғысу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді біраз бұрын Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
"Иркутсктен" кейін К-442 "Челябинск" сүңгуір крейсері кеме жөндеу орнына аттанады. Жөндеу жұмыстары 2025 жылға дейін жалғасады.
1980-90 жылдары 949А сүңгуір қайықтары бұл саладағы нағыз төңкеріс іспеттес болды. Олар авиатасымалдаушы соққы жасаушы құрылымдарға қарсы тұратын атомды крейсерлердің жаңа даму кезеңіне айналды. 659 бен 675 жобаларындағы алдыңғы үлгілермен салыстырғанда атомды сүңгуір қайықтары әлдеқайда дыбыссыз, жылдамырақ, олардың оқ-қаруы үш есе көп және қару-жарағы түбегейлі жақсартылған сипатта болды.
Бұл кемелер кемеге қарсы қолданылатын 24 "Гранит" зымыранымен жабдықталған. Ол зымырандар 25 метрден 17 километрге дейін нысанаға ұшып жетіп, екі жарым Мах санына дейінгі жылдамдықта жүйткиді. Салмағы 750 килограмм болатын оқ-дәрінің біреуі-ақ алдыңғы шептегі соғыс кемесін істен шығара алады деген болжам бар.
"Граниттер" корпустан тыс, 40 градусқа қисайып тұрған бүйірдегі контейнерлерге орналастырылды. Сонымен қатар әр кемеде 28 торпедасы бар 650 миллиметрлі екі және 533 миллиметрлі төрт торпеда аппараты бар.
Басты энергетикалық қондырғы блокта орналасқан: ол жалпы қуаты 98 мың ат күшіне теңесетін екі ядролы реактор мен екі бу турбинасы. Қосымша қызмет үшін 8700 ат күшін құрайтын екі дизель-генератор қарастырылған. Ұшу ұзақтығы шектелмеген, дербестігі шамамен 120 тәулікті құрайды. Экипаж 107 адамға қарастырылған.
қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Оқиға
Қазақстанда қару-жарақ сақтау бойынша заңбұзушылықтар саны өсті
Флот қолбасшылығы тек модернизациялаумен шектеліп отырған жоқ. Төртінші буынға жататын 885М "Ясень-М" көпмақсатты атомды сүңгуір зымыран крейсерлерін сатып алу әлеуетті жоспар болып отыр. Қазір РФ Әскери-теңіз флотында мұндай үш крейсер бар - К-561 "Казань" мен К-573 "Новосибирск", сондай-ақ К-560 "Северодвинск".
Олардың корпустары оңтайландырылған, радиоэлектронды қарудың элемент базасы жаңартылған, озық жабдықтар мен материалдар қолданылған. Барлық компонент Ресейде дайындалғанын да айта кету керек. Бұған дейін қажетті жабдықтар бұрынғы КСРО елдерінде көп көлемде сатып алынатын.
533 миллиметрлі он торпедо аппаратынан бөлек, "Ясеньдерде" әрқайсысында бес "Калибр" бар сегіз әмбебап тік іске қосу қондырғысы қарастырылған. Тапсырмаға байланысты түрлі модификациядағы – кемеге қарсы, сүңгуір қайықтарға қарсы немесе жердегі нысанаға қарсы соққыларға арналған түрі қолданылады. Қайық су бетіндегі ірі нысаналарға оқ атуға арналған П-800 "Оникс" пен "Циркон" зымырандарын алып жүре алады.
Жаңа және алдыңғы буынға жататын крейсерлерді тығыз байланыста қолдану көзделіп отыр. "Антейлер" су астындағы арсеналға айналса, "Ясеньдер" барлау жүргізіп, нысананы анықтаумен айналысады.
Жаңалықтар
0