https://sputnik.kz/20220117/Nur-Sultan-komendatura-19157916.html
Нұр-Сұлтан комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Сегіз нысан коменданттық сағатты бұзған, үш көңіл көтеру мекемесінің лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T11:14+0500
2022-01-17T11:14+0500
2022-02-01T13:05+0500
елорда тынысы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19097825_0:3:3290:1863_1920x0_80_0_0_eb6aa695c5bf6a977beb75b0d746cf9b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Елордада өткен тәулікте 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелді. 177 адам төтенше жағдай режимін бұзды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы."Елордада жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін "коменданттық сағат" жалғасады. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.Бір тәулік ішінде қалада 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелген, екі адам жарақат алды. Сондай-ақ "102" пультіне 1732 қоңырау түсті. Олардың көбі анықтамалық сипаттағы хабарламалар.Комендатура мәліметінше, бір күнде астанада 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы блок бекеттер арқылы тауар өткізу тәртібі жарияландыБұдан бөлек, коменданттық сағатты бұзған 8 кәсіпкерлік субъектісі анықталды.Есіл ауданында "Maestro" караоке клубы мен "KINGDOM" рестобары коменданттық сағатты елемей, азаматтарды қабылдаған. Кенесары көшесіндегі "Дыши" барында 35 адам болған. Барлық тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазір көңіл көтеру мекемелерінің лицензиясын кері қайтару мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлады комендатура.Елорда комендатурасы тұрғындарға коменданттық сағатты бұзбауды, тәртіп пен тыныштық сақтауды ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19097825_0:0:3258:2048_1920x0_80_0_0_3b19eb30a41881ad47cca39da540c9ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұр-Сұлтан комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады
11:14 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сегіз нысан коменданттық сағатты бұзған, үш көңіл көтеру мекемесінің лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Елордада өткен тәулікте 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелді. 177 адам төтенше жағдай режимін бұзды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы.
"Елордада жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін "коменданттық сағат" жалғасады. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Бір тәулік ішінде қалада 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелген, екі адам жарақат алды. Сондай-ақ "102" пультіне 1732 қоңырау түсті. Олардың көбі анықтамалық сипаттағы хабарламалар.
Комендатура мәліметінше, бір күнде астанада 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.
Бұдан бөлек, коменданттық сағатты бұзған 8 кәсіпкерлік субъектісі анықталды.
Есіл ауданында "Maestro" караоке клубы мен "KINGDOM" рестобары коменданттық сағатты елемей, азаматтарды қабылдаған. Кенесары көшесіндегі "Дыши" барында 35 адам болған. Барлық тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазір көңіл көтеру мекемелерінің лицензиясын кері қайтару мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлады комендатура.
Елорда комендатурасы тұрғындарға коменданттық сағатты бұзбауды, тәртіп пен тыныштық сақтауды ескертті.