Алматыдағы бүлік: қала қалай қалпына келтіріліп жатыр – фото
17:20 17.01.2022 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022)
Жазылу
Алматылықтар қалада болған тәртіпсіздіктерден кейін сүйікті қаласын ретке келтіруге жұмыла кірісті
Алматы – арман қала. Жанға жайлылық сыйлайтын қала көшелері, алыстан менмұндалап тұратын алып Алатау, тарихқа толы ғимараттар мен елге еңбегі сіңген азаматтардың ескерткіштері – бәрі Алматыда бір рет болған адамның жадында сақталатын дүниелер. Қаңтарда болған бүлік қала көшелерінде өз ізін қалдырды, қаншама адамның жүрегінде сызат болып қалды. Алматы үшін қазақстандықтардың жаны ауырды.
Енді қала тұрғындары жұдырықтай жұмылып, сүйікті қаласын қалпына келтіруге кірісіп кетті.
Алматының қалай ретке келіп жатқанын фотолентадан көріңіз.
© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуАлматыда өрттен зардап шеккен әкімдік ғимаратын жұмысшылар ретке келтіріп жатыр. Ғимарат түгел дерлік отқа оранған, толық жөндеуді қажет етеді.
Алматыда өрттен зардап шеккен әкімдік ғимаратын жұмысшылар ретке келтіріп жатыр. Ғимарат түгел дерлік отқа оранған, толық жөндеуді қажет етеді.
© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуАлматыда тәртіпсіздіктердің салдарынан өртенген қала әкімдігі ғимаратынан қоқыстарды шығару жұмыстары жүріп жатыр.
Алматыда тәртіпсіздіктердің салдарынан өртенген қала әкімдігі ғимаратынан қоқыстарды шығару жұмыстары жүріп жатыр.
Алматы әкімдігі жанындағы алаңда жұмысшылар жүр.
© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуАлматыда тәртіпсіздіктерден кейін қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Соған байланысты жұмысшылар да санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет.
Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Соған байланысты жұмысшылар да санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет.
© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуҚызметкерлер өртенген қалалық әкімдік ғимаратының сыртын жауып, жөндеу жұмыстарына кірісті.
Қызметкерлер өртенген қалалық әкімдік ғимаратының сыртын жауып, жөндеу жұмыстарына кірісті.
© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуҚала тұрғындары Республика алаңы мен қала көшелерін қалпына келтіріп жатқан жұмысшыларға көмектесіп жатыр. Нақты айтқанда, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жүр.
Қала тұрғындары Республика алаңы мен қала көшелерін қалпына келтіріп жатқан жұмысшыларға көмектесіп жатыр. Нақты айтқанда, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жүр.
Алматы әкімдігінің ғимараты.
© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуАлматыда қала тұрғындары әкімдік ғимаратын қалпына келтіріп жатқан жұмысшыларға түскі ас алып келді.
Алматыда қала тұрғындары әкімдік ғимаратын қалпына келтіріп жатқан жұмысшыларға түскі ас алып келді.
© Sputnik / Эдуард ГалеевАлматы қаласы әкімдігің ғимараты бірнеше күн бойы өртенді, себебі тәртіпсіздіктер кезінде өрт сөндірушілер ғимарат ішіне кіре алмады.
9/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Алматы қаласы әкімдігің ғимараты бірнеше күн бойы өртенді, себебі тәртіпсіздіктер кезінде өрт сөндірушілер ғимарат ішіне кіре алмады.
© Sputnik / Эдуард ГалеевЖұмысшылар өртенген ғимарат ішінен қоқыс шығарып жатыр.
10/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Жұмысшылар өртенген ғимарат ішінен қоқыс шығарып жатыр.
© Sputnik / Эдуард ГалеевҚызметкерлер әкімдік ғимараты алдында мәселелерді шешу жолдарын талқылап тұр.
11/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Қызметкерлер әкімдік ғимараты алдында мәселелерді шешу жолдарын талқылап тұр.
© Sputnik / Эдуард ГалеевҚалада өртенген нысан көп, қала басшылығы мен тұрғындарына көп жұмыс істеуге тура келеді.
12/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Қалада өртенген нысан көп, қала басшылығы мен тұрғындарына көп жұмыс істеуге тура келеді.
© Sputnik / Эдуард ГалеевРеспублика алаңына жақын ғимараттардың терезелерін оқ тесіп өткен.
13/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Республика алаңына жақын ғимараттардың терезелерін оқ тесіп өткен.
© Sputnik / Эдуард ГалеевЖұмысшылар Алматы көшелеріндегі тас төсемдерін қалпына келтіріп жатыр.
14/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Жұмысшылар Алматы көшелеріндегі тас төсемдерін қалпына келтіріп жатыр.
© Sputnik / Эдуард ГалеевБүлікшілер Республика алаңы айналасындағы тас төсемдерін ғимарат есік-терезесін сындыру үшін пайдаланған.
15/15
© Sputnik / Эдуард Галеев
Бүлікшілер Республика алаңы айналасындағы тас төсемдерін ғимарат есік-терезесін сындыру үшін пайдаланған.