Алматы – арман қала. Жанға жайлылық сыйлайтын қала көшелері, алыстан менмұндалап тұратын алып Алатау, тарихқа толы ғимараттар мен елге еңбегі сіңген азаматтардың ескерткіштері – бәрі Алматыда бір рет болған адамның жадында сақталатын дүниелер. Қаңтарда болған бүлік қала көшелерінде өз ізін қалдырды, қаншама адамның жүрегінде сызат болып қалды. Алматы үшін қазақстандықтардың жаны ауырды.Енді қала тұрғындары жұдырықтай жұмылып, сүйікті қаласын қалпына келтіруге кірісіп кетті.Алматының қалай ретке келіп жатқанын фотолентадан көріңіз.
Алматылықтар қалада болған тәртіпсіздіктерден кейін сүйікті қаласын ретке келтіруге жұмыла кірісті
Алматы – арман қала. Жанға жайлылық сыйлайтын қала көшелері, алыстан менмұндалап тұратын алып Алатау, тарихқа толы ғимараттар мен елге еңбегі сіңген азаматтардың ескерткіштері – бәрі Алматыда бір рет болған адамның жадында сақталатын дүниелер. Қаңтарда болған бүлік қала көшелерінде өз ізін қалдырды, қаншама адамның жүрегінде сызат болып қалды. Алматы үшін қазақстандықтардың жаны ауырды.
Енді қала тұрғындары жұдырықтай жұмылып, сүйікті қаласын қалпына келтіруге кірісіп кетті.
Алматының қалай ретке келіп жатқанын фотолентадан көріңіз.
Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Соған байланысты жұмысшылар да санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет.
Қала тұрғындары Республика алаңы мен қала көшелерін қалпына келтіріп жатқан жұмысшыларға көмектесіп жатыр. Нақты айтқанда, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жүр.