Қоғам

Бекболат Тілеухан елдегі жағдайға байланысты пікір білдірді

Жазылу
Экс-депутат қазақ елі ендігі жерде береке-бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтай білуі керектігін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан елдегі соңғы оқиғаларға байланысты пікір білдірді.  
Тілеухан Instagram-дағы парақшасында республикалық телеарналарға берген сұхбатының видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)

"Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды", - деп жазды Бекболат Тілеухан.
Ол қазақ елі ендігі жерде береке-бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауы керектігін атап өтті.
"Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз", - дейді экс-депутат.
Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан әріптестерінен кешірім сұрады
Жаңалықтар
0