Қоғам

Бекболат Тілеухан әріптестерінен кешірім сұрады

© Пресс-служба партии "Нұр Отан"Бекболат Тлеухан
Бекболат Тлеухан - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді
НҰР-СҰЛТАН,  29 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс отырысында өкілеттігі тоқтатылған экс-депутат Бекболат Тілеухан әріптестерінен кешірім сұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Нұрлан Зайроллаұлы, асыра мақтап жібердіңіз. Осы мақтауға лайықты екеніме күмәнім бар. Дегенмен ағалық ниетіңізге, әріптестік көңіліңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздермен жұмыс істеген сәтім – өмірімнің бір белесі, бір кезеңі, бақытты, жақсы шағым. Тұлпардай болып топқа қосқан Елбасыға рақмет. Нұрағамыздың бастаған жолын ары қарай жалғастырып, мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының  қамқорлығына, жасап жатқан марапаттарына шексіз алғыс білдіремін", - деді Тілеухан.
Экс-депутат әріптестерінен кешірім сұрап, қарапайым сайлаушы ретінде өз аманатын жеткізді.
"Біраз жұмыс істедік, артық айтқан сөзіміз болса, жаза басқан жеріміз болса, әріптестерімнен кешірім сұраймын, ғафу өтінемін. Сондай-ақ сөз-түйінді айтарым бар ғой, ағайын. Қазақ шабуылшы жұрт емес, ол - қорғанушы жұрт, тарихқа есесі кеткен жұрт. Осы нәрсе естеріңізде болып, жүректеріңіздің түкпірінде, тарихи санамен, мемлекетшіл оймен әрқашан жүректеріңізде тұрса екен деймін. Ендігі жерде депутат ретінде емес, сайлаушы ретінде айтар аманатым осы, өтінішім де сол", - деді Тілеухан.
Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды 
Еске сала кетейік, мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, ол міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестіне жаңа қызметте сәттілік тілеп, алғыс хат табыстады. 
Жаңалықтар
0