https://sputnik.kz/20220113/Batys-Resey-usynysy-19139491.html
Батыс Ресей ұсынысынан бас тартты: енді не болады?
Батыс Ресей ұсынысынан бас тартты: енді не болады?
Sputnik Қазақстан
Батыс бірнеше ай бойы Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр деген дүрбелең ақпарат тудырып, жыл соңында оған өздері сеніп қалды 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T21:22+0500
2022-01-13T21:22+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/638/77/6387738_0:0:2927:1646_1920x0_80_0_0_bbd2550f188bb6ce847c7655c2464da6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ресей қауіпсіздігінің кепілдіктері бойынша Батыспен келіссөздің алғашқы кезеңі аяқталды: Женевада ресейлік-америкалық кездесу және Брюссельде НАТО-мен келіссөз өтті. 13 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ форматында кезекті кездесу өтеді. Бірақ ол формалды сипатта болады, деп жазды РИА Новости.Қатаң талаптарды қарастырған ресейлік ұсыныстарды АҚШ қабылдай қояды деп ешкім күткен жоқ. Себебі орыстар НАТО-ның шығысқа қарай (ең алдымен бұл Украинаға қатысты) кеңеюден бас тартуын талап етті. Ал бұл Мәскеуге альянстың кеңеюіне вето құқығын беретін еді. Сондықтан Вашингтон мұндай қадамға барғысы келсе де, бара алмайды. Бұл киевтік биліктің бүлінуіне және альянстың еуропалық мүшелері арасында бүлік шығаруына алып келеді.Мұнда реакцияға олар альянсқа Украинаның мүше болуын немесе оны атлантизациялауды армандағаны себеп болмайды. Өйткені негізгі құрлықтық державаларға бұл қажет емес. Себеп – АҚШ-тың Мәскеумен келісімге келуі одақтастардың пікірін елемеуді білдіреді. "Бізбен есептеспейді, Ақ үйге Трамп қайта оралуы мүмкін, сонда Америка бізді тағдыр тәлкегіне қалдырып кете салады" деген пікір Еуропа елдері арасында жиі байқалады.Сондықтан келіссөздің қалай аяқталатыны о баста белгілі еді: мемлекеттік хатшының орынбасары Шерман, бас хатшы Столтенберг те ресейлік өкілдермен кездесуден кейін орыстарға Украинаны НАТО-ға қабылдамау туралы ешқандай уәде берілмейтінін мәлімдеді."Одақтастардың барлығы альянстың басты ұстанымына қатысты бір пікірде: әрбір ел өз жолын таңдауда ерікті. Киев қашан альянс мүшесі болатынын Украина мен НАТО-ға мүше 30 ел ғана шеше алады. "Сендер бізге жақын тұрсыңдар, сондықтан ойларыңа келгенді істеуге жол бермейміз" деген секілді доң-айбаттың барлығы ықпал ету аясын кеңейтуге деген талпыныс. Бұл өте қауіпті жол".НАТО агрессиясына қатысты пікірді Толтенберг жоққа шығарып, альянстың кеңеюінде ешқандай қауіп жоқ екенін, себебі осылайша демократия таралып жатқанын айтты. "Бірақ Еуропада әскери қақтығыс қаупі бар және ол Ресейден бастау алып отыр. Себебі Грузияда, Украина мен Молдовада Ресейдің қарулы күштері бар. Оларды ол жаққа ешкім шақырған жоқ болатын" деген бас хатшы Ресейді осы аталған елдерден өз әскерін алып кетуге шақырды.Осылайша НАТО орыстардың агрессия туралы айыптауларын негізсіз деп, өздерінің демократияны насихаттап жатқанын және орыстар демократияны одан әрі, шығысқа қарай жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын айтты.Алайда тараптар келіссөзді жалғастыру туралы келісті: тоқтаусыз талқылауға негіз болатын қару-жарақты орналастыру мен тексеруге қатысты көптеген мәселе бар. Бірақ альянсты кеңейтпеуге кепілдік беруге қатысты басты мәселені шешпейінше, мұндай талқылаулар қандай да бір үлкен нәтиже беретіні екіталай. Ресейлік ұсынысқа "жоқ" деп нақты жауап берілді. Әйтсе де алдағы күні Мәскеу ұсынған келісімшарт жобасына Вашингтонның ресми жауабында бұл кезекті рет нақтыланады.Онда о баста мұның барлығы не үшін қажет еді? Мәскеу "бізге тез арада кепілдік керек" деген оқиғаны неге бастады? Осының жауабын іздеп бас қатырғандар көп. Ал жауабы анық көрініп тұр.Бір ай бұрын Владимир Путин АҚШ-тан қандай да бір ымыраны күткендіктен емес, жаһандық тәртіпті қайта құрастырудың жаңа тарауын бастайтын уақыт келгендіктен осы қадамға барды.Батыс бірнеше ай бойы Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр деген дүрбелең ақпарат тудырып, жыл соңында оған өздері сеніп қалды. Алайда НАТО-ға Киевті қабылдау бойынша ешкім нақты мерзімді атаған жоқ: атлантшылар бұл Ресейді арандатудың нақты себебіне айналатынын жақсы түсінді. Сонымен қатар Украинаны ұзақ уақыт бойы өз ықпалында ұстап тұра алмайтынын және Ресейді тежеу және оған қысым көрсетудің құралы ретінде пайдалану қиындай беретінін де ұғынды.Украина бағалы актив болып тұрғандықтан, одан көз жазып қалатын уақытты мейлінше шегеруге кірісу, Батыс жайдан-жай оны бере салмайтынына Кремльді сендіру қажет болды. Ал қалай сендіру керек? Ол үшін "орыстар шабуылы" төңірегінде жағдайды шиеленістіру қарастырылды.Дәл осы тұста Путин бастаманы өз қолына алып, Ресейдің батыстағылардың шығысқа қарай кеңейіп жатқанына шыдамы таусылғанын мәлімдеп, қарсы қадам жасады. Путиннің Киевтен шегіну туралы Батыс алдына қойған талабы бастапқыда-ақ қабылдауға келмейтін ұсыныс болды. Бірақ бұл жаңа ақиқаттың басталғанын, іс-қимыл мен жоспардың өзгергенін білдірді. Енді Батыс Украинаға шабуыл жасамау туралы Ресейге талап қойып отырған жоқ, керісінше, Мәскеу Батысқа жоспардың түбегейлі өзгергенін аңғартты.Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық әрекетке баратынына енді батыс таңғалмауы керек. Алдағы күндері Батыс Путин ұсыныстарынан ресми түрде бас тартқаннан кейін орыстар әлемде жаңа тәртіп орнатуды басқа геосаяси ақиқатта жүзеге асыруға кіріседі. Сол кезде Батыс та Ресеймен қарым-қатынасты жаңа ереже талаптарына сәйкес қалыптастыруға мәжбүр болады.
https://sputnik.kz/20211227/Batys-elder-tauar-18994663.html
https://sputnik.kz/20211209/Batys-Putin-KSRO-18870635.html
https://sputnik.kz/20220111/KSRO-memlekettik-khatshy-19117533.html
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/638/77/6387738_196:0:2927:2048_1920x0_80_0_0_cd72a82ab7d04f42f30d4a3cc893d3b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, ақш
Батыс Ресей ұсынысынан бас тартты: енді не болады?
21:22 13.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Батыс бірнеше ай бойы Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр деген дүрбелең ақпарат тудырып, жыл соңында оған өздері сеніп қалды
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ресей қауіпсіздігінің кепілдіктері бойынша Батыспен келіссөздің алғашқы кезеңі аяқталды: Женевада ресейлік-америкалық кездесу және Брюссельде НАТО-мен келіссөз өтті. 13 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ форматында кезекті кездесу өтеді. Бірақ ол формалды сипатта болады, деп жазды
РИА Новости.
Қатаң талаптарды қарастырған ресейлік ұсыныстарды АҚШ қабылдай қояды деп ешкім күткен жоқ. Себебі орыстар НАТО-ның шығысқа қарай (ең алдымен бұл Украинаға қатысты) кеңеюден бас тартуын талап етті. Ал бұл Мәскеуге альянстың кеңеюіне вето құқығын беретін еді. Сондықтан Вашингтон мұндай қадамға барғысы келсе де, бара алмайды. Бұл киевтік биліктің бүлінуіне және альянстың еуропалық мүшелері арасында бүлік шығаруына алып келеді.
Мұнда реакцияға олар альянсқа Украинаның мүше болуын немесе оны атлантизациялауды армандағаны себеп болмайды. Өйткені негізгі құрлықтық державаларға бұл қажет емес. Себеп – АҚШ-тың Мәскеумен келісімге келуі одақтастардың пікірін елемеуді білдіреді. "Бізбен есептеспейді, Ақ үйге Трамп қайта оралуы мүмкін, сонда Америка бізді тағдыр тәлкегіне қалдырып кете салады" деген пікір Еуропа елдері арасында жиі байқалады.
Сондықтан келіссөздің қалай аяқталатыны о баста белгілі еді: мемлекеттік хатшының орынбасары Шерман, бас хатшы Столтенберг те ресейлік өкілдермен кездесуден кейін орыстарға Украинаны НАТО-ға қабылдамау туралы ешқандай уәде берілмейтінін мәлімдеді.
"Одақтастардың барлығы альянстың басты ұстанымына қатысты бір пікірде: әрбір ел өз жолын таңдауда ерікті. Киев қашан альянс мүшесі болатынын Украина мен НАТО-ға мүше 30 ел ғана шеше алады. "Сендер бізге жақын тұрсыңдар, сондықтан ойларыңа келгенді істеуге жол бермейміз" деген секілді доң-айбаттың барлығы ықпал ету аясын кеңейтуге деген талпыныс. Бұл өте қауіпті жол".
НАТО агрессиясына қатысты пікірді Толтенберг жоққа шығарып, альянстың кеңеюінде ешқандай қауіп жоқ екенін, себебі осылайша демократия таралып жатқанын айтты. "Бірақ Еуропада әскери қақтығыс қаупі бар және ол Ресейден бастау алып отыр. Себебі Грузияда, Украина мен Молдовада Ресейдің қарулы күштері бар. Оларды ол жаққа ешкім шақырған жоқ болатын" деген бас хатшы Ресейді осы аталған елдерден өз әскерін алып кетуге шақырды.
Осылайша НАТО орыстардың агрессия туралы айыптауларын негізсіз деп, өздерінің демократияны насихаттап жатқанын және орыстар демократияны одан әрі, шығысқа қарай жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын айтты.
Алайда тараптар келіссөзді жалғастыру туралы келісті: тоқтаусыз талқылауға негіз болатын қару-жарақты орналастыру мен тексеруге қатысты көптеген мәселе бар. Бірақ альянсты кеңейтпеуге кепілдік беруге қатысты басты мәселені шешпейінше, мұндай талқылаулар қандай да бір үлкен нәтиже беретіні екіталай. Ресейлік ұсынысқа "жоқ" деп нақты жауап берілді. Әйтсе де алдағы күні Мәскеу ұсынған келісімшарт жобасына Вашингтонның ресми жауабында бұл кезекті рет нақтыланады.
Онда о баста мұның барлығы не үшін қажет еді? Мәскеу "бізге тез арада кепілдік керек" деген оқиғаны неге бастады? Осының жауабын іздеп бас қатырғандар көп. Ал жауабы анық көрініп тұр.
Бір ай бұрын Владимир Путин АҚШ-тан қандай да бір ымыраны күткендіктен емес, жаһандық тәртіпті қайта құрастырудың жаңа тарауын бастайтын уақыт келгендіктен осы қадамға барды.
Батыс бірнеше ай бойы Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр деген дүрбелең ақпарат тудырып, жыл соңында оған өздері сеніп қалды. Алайда НАТО-ға Киевті қабылдау бойынша ешкім нақты мерзімді атаған жоқ: атлантшылар бұл Ресейді арандатудың нақты себебіне айналатынын жақсы түсінді. Сонымен қатар Украинаны ұзақ уақыт бойы өз ықпалында ұстап тұра алмайтынын және Ресейді тежеу және оған қысым көрсетудің құралы ретінде пайдалану қиындай беретінін де ұғынды.
Украина бағалы актив болып тұрғандықтан, одан көз жазып қалатын уақытты мейлінше шегеруге кірісу, Батыс жайдан-жай оны бере салмайтынына Кремльді сендіру қажет болды. Ал қалай сендіру керек? Ол үшін "орыстар шабуылы" төңірегінде жағдайды шиеленістіру қарастырылды.
Дәл осы тұста Путин бастаманы өз қолына алып, Ресейдің батыстағылардың шығысқа қарай кеңейіп жатқанына шыдамы таусылғанын мәлімдеп, қарсы қадам жасады. Путиннің Киевтен шегіну туралы Батыс алдына қойған талабы бастапқыда-ақ қабылдауға келмейтін ұсыныс болды. Бірақ бұл жаңа ақиқаттың басталғанын, іс-қимыл мен жоспардың өзгергенін білдірді. Енді Батыс Украинаға шабуыл жасамау туралы Ресейге талап қойып отырған жоқ, керісінше, Мәскеу Батысқа жоспардың түбегейлі өзгергенін аңғартты.
Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық әрекетке баратынына енді батыс таңғалмауы керек. Алдағы күндері Батыс Путин ұсыныстарынан ресми түрде бас тартқаннан кейін орыстар әлемде жаңа тәртіп орнатуды басқа геосаяси ақиқатта жүзеге асыруға кіріседі. Сол кезде Батыс та Ресеймен қарым-қатынасты жаңа ереже талаптарына сәйкес қалыптастыруға мәжбүр болады.