Қоғам

Үкіметтің жаңа мүшелері ант берді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуГимн
Гимн - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған үкіметтің алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант қабылдауынан басталды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Бүгін, 12 қаңтарда үкіметтің жаңа құрамының бірінші отырысы басталды. Министрлер кабинетіне алғаш енген шенеуніктер Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған үкіметтің алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант қабылдауынан басталды.
Атап айтқанда, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, энергетика министрі Болат Ақшолақов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, әділет министрі Қанат Мусин, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кезек-кезек ант берді.
"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!" – деді үкіметтің жаңа мүшелері.

Үкіметтің жаңа құрамы

11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді. Ол үкімет отставкаға кеткенге дейін экс-премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болған еді.
Артынша мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Министрлердің көбі өз орнында қалды. Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0