Саясат

Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
5 қаңтарда елдегі жаппай наразылықтан кейін президент үкіметті отставкаға жіберген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. 
  • Роман Васильевич Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – премьер-министрдің орынбасары;
  • Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
  • Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – премьер-министрдің – Сауда және интеграция министрі;
  • Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – премьер-министр орынбасары кеңсесінің басшысы;
  • Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қорғаныс министрі;
  • Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі;
  • Асқар Қуанышұлы Омаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Қанат Сергейұлы Мусин – Әділет министрі;
  • Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі;
  • Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
  • Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қаржы министрі;
  • Дәурен Әскербекұлы Абаев – Мәдениет және спорт министрі;
  • Юрий Викторович Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;
  • Әлібек Сәкенұлы Қуантыров – Ұлттық экономика министрі;
  • Бағдат Батырбекұлы Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
  • Болат Оралұлы Ақшолақов – Энергетика министрі.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Үкімет отставкасы

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді. 
Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
Басқа өңірлерде де митингілер өтті. Ал Алматы мен бірнеше өңірде наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Осыған байланысты 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқарды.
Мемлекет басшысы бүгін, 11 қаңтарда мәжіліс отырысына қатысып, премьер-министр кандидатурасына Әлихан Смайыловты ұсынды. Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады. Қатысып отырған 89 депутат кандидатураны қолдап дауыс берді. Тоқаев жаңа премьер-министрге табыс тіледі.
Жаңалықтар
0