Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

"Қазақтелеком" абоненттеріне төтенше жағдайға байланысты қаңтарда 50% жеңілдік жасалады

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание АО "Казахтелеком"
Здание АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Компания түзетілген соманы ақпанда шығарады, өйткені post paid режимінде жұмыс істейді
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. "Қазақтелеком" елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жеке абоненттерге қаңтардағы қызметі үшін ай сайынғы абоненттік төлемге 50% жеңілдік береді. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев хабарлады.
"Әрине, еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде, сын сағатта біз сырт қала алмадық, тұтынушыларымызды қолдауға бағытталған шаралар кешенін әзірледік. Қолданушылар алдындағы жауапкершілікті толықтай сезініп, компанияның топ-менеджменті жеке тұлғаларға 2022 жылдың қаңтар айының қызметтері үшін ай сайынғы төлеміне 50% жеңілдік беру туралы шешім қабылдады", - деді Қуанышбек Есекеев.
Компания түзетілген соманы ақпанда шығарады, өйткені post paid режимінде жұмыс істейді (яғни төлемақыны есептеу әдетте есеп айырысу айынан кейінгі 25-күнге дейін жасалады).
Бұл тармақ компанияның тұтынушыларымен жасасқан келісімшартта жазылған.
Сондай-ақ байланыс операторы 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін барлық абонентіне шектеусіз қалааралық қоңырау шалуға, сонымен қатар тіркелген қалалық нөмірлерге қосымша төлемсіз хабарласу үшін байланыс операторларының мобильді нөміріне 1000 минут тегін таратты.
Айта кетері, бұған дейін "Қазақтелеком" кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде қызметін жалғастыру үшін Ismet.kz порталын интернетсіз қолжетімді етті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0