Қоғам

"Қазақтелеком" абоненттері төтенше жағдай кезінде тегін қоңырау шала алады

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание АО "Казахтелеком"
Здание АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2022
Жазылу
"Қазақтелеком" 31 қаңтарға дейін лимитсіз қалааралық қоңыраумен қамтамасыз етпек
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. "Қазақтелеком" абоненттері төтенше жағдай кезінде тегін қоңырау шала алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қалааралық қоңыраулар лимитсіз, сондай-ақ тіркелген қалалық телефоннан ұялы байланыс операторларының нөміріне 1000 минут беріледі", - деп хабарлады цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, бұған дейін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша байланыс операторлары әр абонентке 200 SMS/300 минут тегін беретіні хабарланды.
Оқи отырыңыз: Үкібай Елбасының қайда екенін айтты
Жаңалықтар
0