Қоғам

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды

© Sputnik / Виктор ТолочкоАрхивное фото письменных принадлежностей
Архивное фото письменных принадлежностей - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Агенттіктің бұрынғы төрағасы Анар Жайылғанова осы лауазымнан босатылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Президент өкімімен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылып, төраға лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Айта кетері, агенттіктің бұрынғы төрағасы Анар Жайылғанова осы лауазымнан босатылды.

Жазықбаевтың еңбек жолы

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев 1976 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және ішкі істер министрлігінің заң институтында білім алды. Философия ғылымдарының кандидаты, заңгер.
Еңбек жолы:
  • Ішкі істер министрлігі академиясы мен Алматы заң институтының оқытушысы;
  • Ішкі істер министрлігі академиясы кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы;
  • Академияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, кадр жұмысы бөлімінің бастығы;
  • Парламент Сенаты Аппараты әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі;
  • "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • Парламент сенаты аппараты жетекшісінің орынбасары;
  • 2019 жылдың 20 маусымынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0