Өңірлер

Алматыда лаңкестік пен тонауға қатысы бар 1 237 адам ұсталды

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVЛюди проходят мимо полицейского автомобиля и автобусов к месту митинга в Алматы
Люди проходят мимо полицейского автомобиля и автобусов к месту митинга в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы лаңкестерден тазартылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар 1 237 адам ұсталды, деп хабарлады қала комендатурасының ақпарат орталығы.
31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді.
Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Блок бекеттерде 38 адам ұсталды.
"102" басқару пультіне 608 хабарлама, ал комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін  253-і дабыл түсті.
Оқи отырыңыз: Жуырда лаңкестік ұйымдастырылғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынамыз – президент 
Жаңалықтар
0