Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Жуырда лаңкестік ұйымдастырылғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынамыз – президент

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Президент Қазақстан бейбіт шерушілерге ешқашан күш қолданбағанын және қолданбайтынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға қарсы террорлық акті ұйымдастырылғаны туралы айғақтар таяуда әлем жұртшылығына ұсынылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Президент Қазақстан бейбіт шерушілерге ешқашан күш қолданбағанын және қолданбайтынын атап өтті.
"Кейбір дереккөздер Қазақстан билігі бейбіт демонстранттармен күрес жүргізіп жатыр деп айтып жатыр. Бұл мүлде шындыққа жанаспайды. Жақын арада біз әлем жұртшылығына Қазақстанға қарсы террорлық акті ұйымдастырылғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынамыз", - деді ол ҰҚШҰ лидердерінің онлайн саммитінде.
Айтуынша, елдегі бүліктен бейбіт тұрғындар да қаза болған, қазір олардың саны нақтыланып жатыр.
Сондай-ақ күш құрылымдарының 16 қызметкері ажал құшты, 1,3 мыңнан астамы жараланды.
Оқи отырыңыз:
Содырлар Қазақстан астанасына да шабуыл жасамақ болды – Тоқаев
Қазақстан өз тарихында ауқымды дағдарысты бастан өткерді – президент
Жаңалықтар
0