https://sputnik.kz/20220110/Agenttik-depozit-aksha-19107157.html
Агенттік депозиттегі ақшаға қатысты түсініктеме берді
Агенттік депозиттегі ақшаға қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілсе де, банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр 10.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-10T17:01+0500
2022-01-10T17:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
банк
депозит
ақша
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/18/18744865_0:152:3103:1897_1920x0_80_0_0_a4d52507991c83f12306bd0d9f03d8d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк салымшыларын депозиттегі ақша үшін алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілсе де, банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың соңында банк секторының активтері 36,7 трлн теңгені құрады.Бүгінде екінші деңгейлі банктерде қажетті ақша қоры бар. Мәселен, банк секторының меншікті капиталы 4,6 трлн теңгені құрап отыр. Бұл заңнамада белгіленген ең төменгі талаптардан 3 есеге артық. Өтімділігі жоғары активтер, шамамен, 12,3 трлн теңгені немесе барлық активтің 33,4 процентін құрады. Ал ұлттық банк банк секторы өтімділігінің қосымша қорын құру мақсатында тікелей және кері РЕПО операцияларын, депозиттік аукционды, қысқа мерзімді ноталарын шығаруды қоса алғанда екінші деңгейдегі банктерде өтімділікті беру және алып қою жөніндегі күнделікті операцияларды қайта бастайды.Қажет болған жағдайда Қазақстан қор биржасында 3 айға дейінгі мерзімге РЕПО және своп операциялары арқылы өтімділікпен шұғыл қамтамасыз ету тетігі қолданылатын болады."Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында банк секторындағы жағдайды күшейтілген түрде мониторингтеуді жалғастырады", - дейді мамандар.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/18/18744865_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_2103e80a51a0656bb2c7f67d96942ee0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, депозит, ақша
Агенттік депозиттегі ақшаға қатысты түсініктеме берді
17:01 10.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілсе де, банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк салымшыларын депозиттегі ақша үшін алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда банк салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Қазақстандықтардың банктердегі депозиттеріне заңнамаға сәйкес "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ кепілдік береді", - делінген ресми хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілсе де, банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың соңында банк секторының активтері 36,7 трлн теңгені құрады.
Бүгінде екінші деңгейлі банктерде қажетті ақша қоры бар. Мәселен, банк секторының меншікті капиталы 4,6 трлн теңгені құрап отыр. Бұл заңнамада белгіленген ең төменгі талаптардан 3 есеге артық. Өтімділігі жоғары активтер, шамамен, 12,3 трлн теңгені немесе барлық активтің 33,4 процентін құрады.
Ал ұлттық банк банк секторы өтімділігінің қосымша қорын құру мақсатында тікелей және кері РЕПО операцияларын, депозиттік аукционды, қысқа мерзімді ноталарын шығаруды қоса алғанда екінші деңгейдегі банктерде өтімділікті беру және алып қою жөніндегі күнделікті операцияларды қайта бастайды.
Қажет болған жағдайда Қазақстан қор биржасында 3 айға дейінгі мерзімге РЕПО және своп операциялары арқылы өтімділікпен шұғыл қамтамасыз ету тетігі қолданылатын болады.
"Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында банк секторындағы жағдайды күшейтілген түрде мониторингтеуді жалғастырады", - дейді мамандар.