Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тағы үш банк қаза болған әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіреді

© Photo : Pixabay / Shutterbug75Калькулятор, расчеты
Калькулятор, расчеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Төтенше жағдай кезінде барлық адамның кредиті бойынша төлем уақытында жасалмаса, өсімпұл мен айыппұл салу операциясы тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Jusan, Альфа және ВТБ банктері бүлік кезінде қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіреді.
Бұған дейін Еуразиялық, ЦентрКредит, Халык, Сбербанк және Хоум кредит банктері қайтыс болған әскерилер мен полицейлердің отбасылары алған қарызды кешіретінін мәлімдеген болатын.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде барлық адамның, жеке және заңды тұлғалардың кредиті бойынша төлем уақытында жасалмаса, өсімпұл мен айыппұл салу операциясы тоқтатылды.
Айта кетері, ресми мәліметке сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қызметтік міндетін орындаған 18 адам қаза тапты. Олардың ішінде 16 әскери және екі полицей бар.
Жаңалықтар
0