https://sputnik.kz/20220109/kazakstan-tartpisizdik-miting-19098789.html
Алматыдағы тәртіпсіздік: Қырғызстандықтар музыкантқа тағылған айыпқа наразылық білдірді
Алматыдағы тәртіпсіздік: Қырғызстандықтар музыкантқа тағылған айыпқа наразылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Қырғызстан Қазақстанға қарсы нота жіберді. Қырғызстан билігі ел азаматына негізсіз айып тағылғанда үнсіз қалмайтынын айтты 09.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-09T16:04+0500
2022-01-09T16:04+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қазақстан
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15168703_19:0:981:541_1920x0_80_0_0_89bcc68029bf47d3de51152f3a5424ae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің жанына Викрам Рузахуновты қолдаушылар митингке шықты. Ол жерге әншілер, музыканттар мен қарапайым тұрғындар жиналды.Наразылық білдіруші топқа Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Қамчыбек Ташиев келді. Ол Рузухановтың террорист емес екенін, билік ел азаматына негізсіз айып тағылғанда үнсіз қалмайтынын айтты."Біздің азаматымызды, оның үстіне заңға бағынатын музыкантымызды террорист сияқты көрсету намысымызға тиеді", - деді қауіпсіздік комитетінің басшысы.Оның ойынша, Қазақстанның құқық қорғау органы қателескен болуы керек. Қырғызстан Қазақстанға қарсы нота жіберді.Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Sputnik тілшісіне нотаның жіберілгені туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын айтты.Қырғызстан президенті баспасөз хатшысының мәліметінше, қазіргі күні екі елдің ішкі істер министрлігі Викрам Рузахуновтың ұсталуына қатысты жағдайдың анық-қанығын талқылап жатыр.Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандардың бірі белгісіз біреулер митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғандықтан Қырғызстаннан ұшып келгені туралы жазған болатынбыз. "Қырғызстанда жұмыссыз болғандықтан келістім. Олар билет алып берді, екісі күні Алматыға ұшып келдім, олар мені пәтерге алып кетті. Ол жерде Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары да болды, бірақ олардың не айтып жатқанын түсінбедім. Пәтерде 10-ға жуық адам болды. Митинг басталған кезде қорқып кеттім, пәтерге қайтып, түнеп шықтым. Келесі күні үйге қайтуға бел будым, бірақ әскерилер ұстады", - деді ол.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15168703_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_241a2fb1c2027dd5e07ebcbefebb1c51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, тәртіпсіздік
Алматыдағы тәртіпсіздік: Қырғызстандықтар музыкантқа тағылған айыпқа наразылық білдірді
16:04 09.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қырғызстан Қазақстанға қарсы нота жіберді. Қырғызстан билігі ел азаматына негізсіз айып тағылғанда үнсіз қалмайтынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің жанына Викрам Рузахуновты қолдаушылар митингке шықты. Ол жерге әншілер, музыканттар мен қарапайым тұрғындар жиналды.
Наразылық білдіруші топқа Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Қамчыбек Ташиев келді. Ол Рузухановтың террорист емес екенін, билік ел азаматына негізсіз айып тағылғанда үнсіз қалмайтынын айтты.
"Біздің азаматымызды, оның үстіне заңға бағынатын музыкантымызды террорист сияқты көрсету намысымызға тиеді", - деді қауіпсіздік комитетінің басшысы.
Оның ойынша, Қазақстанның құқық қорғау органы қателескен болуы керек. Қырғызстан Қазақстанға қарсы нота жіберді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі
Sputnik тілшісіне нотаның жіберілгені туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын айтты.
Қырғызстан президенті баспасөз хатшысының мәліметінше, қазіргі күні екі елдің ішкі істер министрлігі Викрам Рузахуновтың ұсталуына қатысты жағдайдың анық-қанығын талқылап жатыр.
Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандардың бірі белгісіз біреулер митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғандықтан Қырғызстаннан
ұшып келгені туралы жазған болатынбыз.
"Қырғызстанда жұмыссыз болғандықтан келістім. Олар билет алып берді, екісі күні Алматыға ұшып келдім, олар мені пәтерге алып кетті. Ол жерде Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары да болды, бірақ олардың не айтып жатқанын түсінбедім. Пәтерде 10-ға жуық адам болды. Митинг басталған кезде қорқып кеттім, пәтерге қайтып, түнеп шықтым. Келесі күні үйге қайтуға бел будым, бірақ әскерилер ұстады", - деді ол.