Қоғам

Қырғызстаннан келгендерге митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынған – видео

© AP Photo / Vladimir TretyakovОМОН перекрывает улицу, чтобы помешать демонстрантам во время акции протеста в Алматы, Казахстан, среда, 5 января 2022 г.
ОМОН перекрывает улицу, чтобы помешать демонстрантам во время акции протеста в Алматы, Казахстан, среда, 5 января 2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2022
Жазылу
Бұған дейін ІІМ басшысы Алматының орталығына бір мезгілде 20 мыңға жуық адам келгенін айтқан болатын
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандардың бірі белгісіз біреулер митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғандықтан Қырғызстаннан ұшып келгенін айтты.
Ұшақтың ақысын төлеп, пәтерге орналастырған. Онымен бірге Өзбекстан мен Тәжікстаннан келгендер де болыпты.  
"Қырғызстанда жұмыссыз болғандықтан келістім. Олар билет алып берді, екісі күні Алматыға ұшып келдім, олар мені пәтерге алып кетті. Ол жерде Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары да болды, бірақ олардың не айтып жатқанын түсінбедім. Пәтерде 10-ға жуық адам болды. Митинг басталған кезде қорқып кеттім, пәтерге қайтып, түнеп шықтым. Келесі күні үйге қайтуға бел будым, бірақ әскерилер ұстады", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев 5 қаңтарда Алматының орталығына бірден 20 мыңға жуық адам ағылғанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін республикада шет тілдерінде сөйлейтін көршілес елдердің азаматтары да әрекет еткені айтылды.
Жаңалықтар
0