Қоғам

ҰҚК Назарбаевтың немере інісі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2022 жылдың 7 қаңтарында Алматыда Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және арандатушылық сипатта", - деп хабарлады ведомство.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәрім Мәсімовты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатып, оның орнына Ермек Сағымбаевты тағайындады. Самат Әбіш те қызметінен босатылды. 
Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды 
Жаңалықтар
0