Өңірлер

Алматыда қаруланған адамдар ұсталды – БАҚ

© Photo : пресс-служба департамента полиции Павлодарской областиПневматический пистолет, изъятый у хулигана
Пневматический пистолет, изъятый у хулигана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Олардан тапанша, резеңке таяқ, бензин құйылған екі бес литрлік ыдыс, алтын бұйымдар тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. 7 қаңтарда түстен кейін Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында полиция қарулы адамдар келе жатқан BMW көлігін құрсаулап тоқтатты, деп хабарлады Atameken Business.
Оның салонында 1990 және 1998 жылы туған екі ер адам болған. Оларды тексеру барысында тапанша мен пышақ табылды.
Тағы бір топты полицейлер қаланың Медеу ауданында ұстады. Қарулы адамдар жасырынған пәтер анықталды. Арнайы операция нәтижесінде бес ер адам ұсталды.
Олардан "Сайга" аңшы мылтығы оқ-дәрісімен, резеңке және темір таяқ, бензин құйылған екі бес литрлік ыдыс, алтын бұйымдар тәркіленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталған болатын. Күдіктілерден 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды 
Жаңалықтар
0