Саясат

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Президент Әсет Ерғалиев пен Айтқұрман Омарбековты жаңа қызметке тағайындады
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қазақстан мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарады.
Айта кетейік, бұған дейін Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды 
Жаңалықтар
0