Өңірлер

Нұр-Сұлтан әкімі халыққа үндеу жолдады

© Photo : Акимат УральскаАким ЗКО Алтай Кульгинов
Аким ЗКО Алтай Кульгинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Түнгі сағат 23:00 мен таңғы 7:00-дің аралығында коменданттық сағатты сақтау қажет
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарды адам көп жиналатын жерге бармай, жағдай тұрақталғанша үйден шықпауға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі кезде біз қаламызда деструктивті күштердің үндеулерін байқап отырмыз. Құқық қорғау органдары ондай әрекеттердің жолын кесіп жатыр. Полиция депаратменті және басқа да күш құрылымдары күшейтілген режимге ауыстырылды", - дейді Көлгінов.
Осы орайда әкім қалада төтенше жағдайдың енгізілгенін еске салды. Түнгі сағат 23:00 мен таңғы 7:00-дің аралығында коменданттық сағатты сақтау қажет. Төтенше жағдай режимі 19 қаңтарға дейін жалғасады. Қалада қоғамдық тәртіпті орнату үшін шұғыл штаб құрылды.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерді адам көп жиналатын жерге бармауларыңызды, деструктивті күштердің үндеулеріне ермей, заңсыз жиындарға шықпауларыңызды сұраймыз. Қосымша қауіп-қатер туындаған жағдайда қосымша шаралар қолға алынады. Барлық ақпарат қала комендатурасы арқылы таратылады. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайды да ұмытпаған жөн. Бұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасап жатырмыз", - деп атап көрсетті қала басшысы.
Айта кетері, Нұр-Сұлтанда әкімшілік ғимараттар мен әуежайды қорғау шаралары күшейтілді. Қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ал ХҚКО-лар мен банктер жабық.
Оқушылардың демалысы 17 қаңтарға дейін, ал университет пен колледж студенттерінің демалысы 24 қаңтарға дейін ұзартылды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0