https://sputnik.kz/20220104/Turkistan-oblysyn-adam-oltiru-19045975.html
Түркістан облысында адам өлтіруге оқталғандар іздестіріліп жатыр
Түркістан облысында адам өлтіруге оқталғандар іздестіріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Сарыағаш ауданы полицейлері адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер әлі бостандықта жүр 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T12:37+0500
2022-01-04T12:37+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
түркістан облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/90/70/907027_0:399:5184:3315_1920x0_80_0_0_fae2e4fbbb5a4524beac7da57be00514.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Қарсылық көрсету кезінде сол үйдің ұлы жарақат алған.Түркістан облысының полициясы 3 қаңтарда жергілікті тұрғынның үйіне шабуыл жасау фактісіне түсініктеме берді.Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын, себебін құпия ұстап отыр. Алайда құқық қорғау органдары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тіркегенін нақтылады.Полицияда жарақат алған жас жігіттің жағдайы туралы ешқандай түсініктеме бермеді. Тек күдіктің әлі ұсталмағанын айтты. Олардың жеке басын анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті шара қабылданып жатыр.Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та таратылған мәлімет сәйкес, шабуыл жасалған үйде танымал жергілікті журналист Амангелді Батырбековтың отбасы тұрады.Ол жергілікті билікті ашық сынайтын "Сарыағаш-инфо" газетін шығарады.Оқи отырыңыз:
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/70/907027_10:0:4618:3456_1920x0_80_0_0_68f6110fd3799f134f13b87b836ab1c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, қылмыс
Түркістан облысында адам өлтіруге оқталғандар іздестіріліп жатыр
12:37 04.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сарыағаш ауданы полицейлері адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер әлі бостандықта жүр
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қарсылық көрсету кезінде сол үйдің ұлы жарақат алған.
Түркістан облысының полициясы 3 қаңтарда жергілікті тұрғынның үйіне шабуыл жасау фактісіне түсініктеме берді.
Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын, себебін құпия ұстап отыр. Алайда құқық қорғау органдары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тіркегенін нақтылады.
"Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оны Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов басқарды", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Полицияда жарақат алған жас жігіттің жағдайы туралы ешқандай түсініктеме бермеді. Тек күдіктің әлі ұсталмағанын айтты. Олардың жеке басын анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та таратылған мәлімет сәйкес, шабуыл жасалған үйде танымал жергілікті журналист Амангелді Батырбековтың отбасы тұрады.
Ол жергілікті билікті ашық сынайтын "Сарыағаш-инфо" газетін шығарады.