Өңірлер

Степногорскте пәтерден ер адамның мәйіті табылды: полиция күдіктіні ұстады

© AFP 2024 / Sandor GemesЧеловек в наручниках держит официальный документ, фото из архива
Человек в наручниках держит официальный документ, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
Оқиға орнына дереу келген жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады – ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Степногорск қаласында пәтерден 57 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
6 желтоқсанда Степногорск қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен көптеген дене жарақатымен ер адамның мәйіті табылды.
Оқиға орнына дереу келген жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады – ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қылмыстың куәгерлерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Бейнекамераларға үйдің кіреберісінен киімінде және қолында қан іздері бар адам шыққаны жазылып қалған.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам бөтелкелесімен жанжалдасып қалып, оны өлтіріп тастағанын мойындады.
Аталған факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті қамауға алынды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0