Елорда тынысы

Елорда полициясы ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне кеңес берді

© Sputnik / Владислав ВодневНепогода в Астане
Непогода в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Қалың қар жаууына байланысты арнайы техника елорда көшелерін тазартып жатыр, бұл жұмыс тәулік бойы жалғасады
 
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Елордада кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты 53 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам зардап шекті.
Соған байланысты полиция департаменті көлік жүргізушілерінен көлік жүретін жол бойында көлік қоймауын, қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтірмеуін және қар жинау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуін сұрады.
Қалың қар жаууына байланысты арнайы техника елорда көшелерін тазартып жатыр, бұл жұмыс тәулік бойы жалғасады.
"Көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауға шақырамыз. Жүргізушілерге өз маршрутын алдын ала жоспарлауға, кенеттен орын ауыстыру мен тежегіш басудан аулақ болуға, қала сыртына сапардан бас тартуға кеңес береміз", - деп хабарлады қаланың полиция департаменті.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілер де мұқият болуы керек. Жолдан өткен кезде гаджетке қарамай, құлаққапты шешіп, жақын келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткізіп алғаны жөн.
Сондай-ақ тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін компаниял өкілдері аулалардағы қарды уақытылы тазалауды ұйымдастыруы қажет.

Оқи отырыңыз: 

Алматы облысында жол апаты үш баланың өмірін қиды: рөлде жасөспірім отырған
Ақтөбе облысында жеңіл көлік Камазға соғылды: жүргізуші көз жұмды
 
Жаңалықтар
0