https://sputnik.kz/20220103/Almaty-oblysy-zhol-apaty-19040818.html
Алматы облысында жол апаты үш баланың өмірін қиды: рөлде жасөспірім отырған
Алматы облысында жол апаты үш баланың өмірін қиды: рөлде жасөспірім отырған
Sputnik Қазақстан
Алматы облысында бес жасөспірім иномаркамен қыдыруға шыққан. Олардың біреуі көлік жүргізген, бірақ рөлге ие бола алмаған. Салдарынан жасөспірім жүргізуші мен... 03.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-03T15:41+0500
2022-01-03T15:41+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
алматы облысы
жол апаты
жасөспірім
бала
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_568:242:3779:2048_1920x0_80_0_0_340970e1db8bf4002edb76e92dbaf9b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Панфилов ауданында бес жасөспірім мінген Nissan Cefiro аударылды. Жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Куәгерлер быт-шыты шыққан автокөліктің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Ролик авторы жол апаты Көктал-Әулиеағаш тас жолында 3 қаңтарға қараған түні болғанын айтады. Оқиға салдарынан бірнеше бала мерт болған.Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Анықталғандай, Nissan Cefiro көлігін Көктал ауылының 15 жастағы жасөспірімі айдаған. Бала рөлге ие бола алмай, көлік ауыл арасындағы жолда аударылған."Оқиға орнында жүргізушінің өзі және 14-15 жастағы екі жолаушы бала ажал құшты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.Оқи отырыңыз: Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: бірнеше адам көз жұмдыТергеу аясында бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ полицейлер автокөлік иесін жауапқа тартуды көздеп отыр. Оған қатысты ҚК 349-бабы 4-тармағы (Көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізушінің көлiкті басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық тергеу қозғалды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_969:360:3220:2048_1920x0_80_0_0_8de4cd2d6d84cc84674f62c85b082fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, жол апаты, жасөспірім, бала
алматы облысы, жол апаты, жасөспірім, бала
Алматы облысында жол апаты үш баланың өмірін қиды: рөлде жасөспірім отырған
15:41 03.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматы облысында бес жасөспірім иномаркамен қыдыруға шыққан. Олардың біреуі көлік жүргізген, бірақ рөлге ие бола алмаған. Салдарынан жасөспірім жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Панфилов ауданында бес жасөспірім мінген Nissan Cefiro аударылды. Жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Куәгерлер быт-шыты шыққан автокөліктің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Ролик авторы жол апаты Көктал-Әулиеағаш тас жолында 3 қаңтарға қараған түні болғанын айтады. Оқиға салдарынан бірнеше бала мерт болған.
Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Анықталғандай, Nissan Cefiro көлігін Көктал ауылының 15 жастағы жасөспірімі айдаған. Бала рөлге ие бола алмай, көлік ауыл арасындағы жолда аударылған.
"Оқиға орнында жүргізушінің өзі және 14-15 жастағы екі жолаушы бала ажал құшты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеу аясында бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ полицейлер автокөлік иесін жауапқа тартуды көздеп отыр. Оған қатысты ҚК 349-бабы 4-тармағы (Көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізушінің көлiкті басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық тергеу қозғалды.