https://sputnik.kz/20220104/Dimash-Bilik-maseleler-19048989.html
Димаш Құдайберген: Биліктегі азаматтар қордаланған мәселелерді шешсін
Димаш Құдайберген: Биліктегі азаматтар қордаланған мәселелерді шешсін
Sputnik Қазақстан
Бүгінде күнкөріс күн сайын қымбаттап, халыққа оңайға соғып жатқан жоқ, деп жазды Димаш Құдайберген 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T23:20+0500
2022-01-04T23:20+0500
2023-08-10T17:07+0500
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қоғам
димаш құдайберген
https://sputnik.kz/img/07e5/01/05/15926025_0:163:3261:2007_1920x0_80_0_0_48057b90eee9886bc222555b7fb49bc4.jpg
НҰР-CҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген елдегі митингілерге қатысты өз ойын білдірді.Оның пікірінше, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру үшін жүйелі әрі нақты шаралар қолданылуы керек."Тек бір мәселе, жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! "Жігіттің жақсысы - дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген". Биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай", - деді әнші.Оқи отырыңыз: Тоқаев наразылық білдірушілерге үндеу тастады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/05/15926025_0:0:3259:2048_1920x0_80_0_0_d5b7bcce5a4ad71b69a59206f4454763.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, димаш құдайберген
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, димаш құдайберген
Димаш Құдайберген: Биліктегі азаматтар қордаланған мәселелерді шешсін
23:20 04.01.2022 (жаңартылды: 17:07 10.08.2023) Бүгінде күнкөріс күн сайын қымбаттап, халыққа оңайға соғып жатқан жоқ, деп жазды Димаш Құдайберген
НҰР-CҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген елдегі митингілерге қатысты өз ойын білдірді.
"Жырақта іссапарда жүріп, елдегі болып жатқан жағдайды естіп, көңілім алаңдаулы. Туған жерім, елім мен үшін әрқашан қымбат - халқыммен біргемін. Бәріміз үшін ең бастысы - халықтың бірлігі, амандығы, елдің әр азаматының әлеуметтік жағдайының дұрыстығы. Наразылығын білдіруге келген үлкен де, кіші де отбасының қамы үшін жүр. Бүгінде күнкөріс күн сайын қымбаттап, халыққа оңайға соғып жатқан жоқ. Халық шаршады!", - деп жазды Димаш Құдайдерген инстаграмдағы парақшасында.
Оның пікірінше, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру үшін жүйелі әрі нақты шаралар қолданылуы керек.
"Тек бір мәселе, жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! "Жігіттің жақсысы - дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген". Биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай", - деді әнші.