Оқиға

Тоқаев наразылық білдірушілерге үндеу тастады

© Photo : Сайт правительства КазахстанаПравительственная комиссия встретилась с активистами, собравшихся на площади Ынтымак в городе Актау
Правительственная комиссия встретилась с активистами, собравшихся на площади Ынтымак в городе Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Президент басқа әлеуметтік-экономикалық талаптар ертең елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылатынын жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды.
"Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады" - деп жазды президент Twitter-парақшасында. 
Президент демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды.
"Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деді Тоқаев. 
Бірер сағат бұрын Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақтауда алаңға жиналған халыққа комиссияның шешімін жариялады. Ол газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендейтінін мәлімдеді. Бұл "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.
Тараптар туындайтын барлық мәселені сындарлы диалог арқылы және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге уағдаласты.
5 қаңтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.

Маңғыстаудағы наразылық

Еске сала кетсек, екінші қаңтарда сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне қарсы болған Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты.
Оған автокөлікке құятын газдың құны екі есеге – литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Тұрғындар бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Қазақстанның энергетика министрлігі газ бағасын енді сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді. Әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Жеке кәсіпкерлер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері туындаған жағдайда бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаменті әкімшілік шаралар қабылдайды.
3 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырғанын жазды. 4 қаңтарда құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін хабарлады.
Жаңалықтар
0