https://sputnik.kz/20220104/Atyrau-oblysy-munay-ken-orny-19046299.html
Атырау облысында "Теңіз" мұнай кен орнының қызметкерлері наразылыққа шықты – видео
Атырау облысында "Теңіз" мұнай кен орнының қызметкерлері наразылыққа шықты – видео
Sputnik Қазақстан
"Теңіз – ереуіл. Маңғыстауды қолдаймыз!", деп ұрандатып жатыр наразылық білдірушілер 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T13:31+0500
2022-01-04T13:31+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
митинг
атырау облысы
мұнай кен орыны
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
ақтау
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында орналасқан "Теңіз" мұнай кен орнының қызметкерлері де наразылыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мұнайшылардың маңғыстаулықтарды қолдап наразылыққа шыққан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.Әлеуметтік желілердегі видеодан мұнай-газ өндіретін компания аумағында жүздеген ер адамның арнайы жұмыс киімінде бір бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын көруге болады. "Теңіз – ереуіл. Маңғыстауды қолдаймыз!", деп ұрандатып жатыр наразылық білдірушілер. Сондай-ақ олар Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын хормен орындап жатыр. Атырау облысы полиция департаменті ереуіл туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Оқиғаға байланысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.Содан кейін Sputnik Қазақстан оқиғаға байланысты "Теңізшевройл" мұнай өндіретін компанияның баспасөз қызметімен байланысқа шықты, компания өкілдері жақын арада түсініктеме беретінін жеткізді.Маңғыстаудағы наразылықБұған дейін сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне наразы Маңғыстау облысының тұрғындары бірқатар елді мекендерде, соның ішінде Жаңаөзен мен Ақтауда наразылыққа шықты.Оған автокөлікке жанармай құю үшін газдың құны екі есеге – литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Тұрғындар бағаны 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.Қазақстанның энергетика министрлігі газ бағасын енді сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді. Әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды, өйткені бұл бәсекелестік тудыратын тауар саналады. Жеке кәсіпкерлер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері туындаған жағдайда, бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаменті әкімшілік шаралар қабылдайды.2-3 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырғанын жазды. 4 қаңтарда құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін хабарлады.Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, деді президент.Оқи отырыңыз:
атырау облысы
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, атырау облысы, мұнай кен орыны, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, ақтау
митинг, атырау облысы, мұнай кен орыны, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, ақтау
Атырау облысында "Теңіз" мұнай кен орнының қызметкерлері наразылыққа шықты – видео
13:31 04.01.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) "Теңіз – ереуіл. Маңғыстауды қолдаймыз!", деп ұрандатып жатыр наразылық білдірушілер
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында орналасқан "Теңіз" мұнай кен орнының қызметкерлері де наразылыққа шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Мұнайшылардың маңғыстаулықтарды қолдап наразылыққа шыққан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Әлеуметтік желілердегі видеодан мұнай-газ өндіретін компания аумағында жүздеген ер адамның арнайы жұмыс киімінде бір бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын көруге болады.
"Теңіз – ереуіл. Маңғыстауды қолдаймыз!", деп ұрандатып жатыр наразылық білдірушілер. Сондай-ақ олар Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын хормен орындап жатыр.
Атырау облысы полиция департаменті ереуіл туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Оқиғаға байланысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
Содан кейін
Sputnik Қазақстан оқиғаға байланысты "Теңізшевройл" мұнай өндіретін компанияның баспасөз қызметімен байланысқа шықты, компания өкілдері жақын арада түсініктеме беретінін жеткізді.
Бұған дейін сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне наразы Маңғыстау облысының тұрғындары бірқатар елді мекендерде, соның ішінде Жаңаөзен мен Ақтауда наразылыққа шықты.
Оған автокөлікке жанармай құю үшін газдың құны екі есеге – литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Тұрғындар бағаны 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Қазақстанның энергетика министрлігі газ бағасын енді сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді. Әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды, өйткені бұл бәсекелестік тудыратын тауар саналады. Жеке кәсіпкерлер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері туындаған жағдайда, бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаменті әкімшілік шаралар қабылдайды.
2-3 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырғанын жазды. 4 қаңтарда құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін хабарлады.
Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, деді президент.