Ақтаудың Ынтымақ алаңында дәл қазір не болып жатыр – видео
11:42 04.01.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023)
© Sputnik / Камшат АбдирайымПлощадь Ынтымак в Актау
© Sputnik / Камшат Абдирайым
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан қала орталығында не болып жатқанын айтты
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Ақтауда газ бағасының қымбаттауына байланысты Ынтымақ алаңында 500-ге жуық наразылық білдіруші жиналды. Олардың барлығы дерлік — ер адамдар. Наразылық білдірушілер қатары көбейіп жатыр, видеода олар Қаламқас кен орнынан келген вахташыларды қарсы алып жатыр.
Полиция әкімдікке баратын жолды күзетіп жатыр. Алайда алаңға кедергісіз өтуге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
© Sputnik / Камшат АбдирайымТаңертең Ақтауда газ бағасының қымбаттауына байланысты бес жүзге жуық адам жиналды.Алаңда жүздеген адамға арналған киіз үй мен шағын шатырлар орнатылған. Киіз үй ішіндегі дастарханда нан, бауырсақ, самса, су мен шай бар.
Таңертең Ақтауда газ бағасының қымбаттауына байланысты бес жүзге жуық адам жиналды.Алаңда жүздеген адамға арналған киіз үй мен шағын шатырлар орнатылған. Киіз үй ішіндегі дастарханда нан, бауырсақ, самса, су мен шай бар.
© Sputnik / Камшат Абдирайым
© Sputnik / Камшат АбдирайымЖиналғандардардың дені ер адамдар.
Жиналғандардардың дені ер адамдар.
© Sputnik / Камшат Абдирайым
Наразылық білдірушілердің үш талабы бар:
- газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендету,
- кен орындарына жаңа қызметкерлерді қабылдауға мораторийді жою,
- азық-түлік бағасын төмендету.
© Sputnik / Камшат АбдирайымНаразылық білдірушілер саны көбейіп жатыр.
Наразылық білдірушілер саны көбейіп жатыр.
© Sputnik / Камшат Абдирайым
Түні бойы наразылық білдірушілер алаңда болды.
Айта кетері, қала орталығында мобильді интернет жоқ – таксиге қоңырау шалу мүмкін емес, хабарлама жіберуде де қиынлық бар. Сол маңдағы дәмханада карта немесе аударым арқылы төлем жасау мүмкін емес, тек қолма-қол ақша қабылдайды.
Қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендер әлі ашылмады, олар кешеден бері жұмыс істемей тұр.
Наразылық білдірушілердің талабының бірі – Ақтау орталығында интернет жұмысын қалпына келтіру.
Ақтау мен Нұр-Сұлтан арасындағы уақыт айырмашылығы +1 сағат.
Ақтау мен Нұр-Сұлтан арасындағы уақыт айырмашылығы +1 сағат.