Өңірлер

Ақтөбеліктердің митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды - әкімдік

© Photo : пресс-служба премьер-министра Республики КазахстанАкимат Актюбинской области
Акимат Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Бүгін Ақтөбеде бейбіт митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе тұрғындарының митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын 50 теңгеге дейін арзандату.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтөбе қаласының әкімдігi (@aqtobe_akimat)

Айта кетері, бірер сағат бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу тастап, демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды.

Маңғыстаудағы наразылық

Еске сала кетсек, екінші қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді. 
Сондай-ақ 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.
Жаңалықтар
0