https://sputnik.kz/20220102/politsey-ayel-azhal-video-19037933.html
Жедел шешім қабылдаған полицей әйелді ажалдан алып қалды – видео
Жедел шешім қабылдаған полицей әйелді ажалдан алып қалды – видео
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшысы "Бурабай шипажайы" стансасында пойыз астына түсе жаздаған әйелді итеріп үлгерді 02.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-02T15:22+0500
2022-01-02T15:22+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
полицей
ажал
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:181:1000:744_1920x0_80_0_0_55d437edb9d2fc0ce9f2f701ead9bda1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. "Бурабай шипажайы" стансасында көлік полицейі жолаушылар пойызы қағып кете жаздаған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.Нұр-Сұлтанның 36 жастағы тұрғыны 2022 жылдың 1 қаңтарында қайта өмірге келді деуге болады. Себебі полицияның аға сержанты Саят Қадыров дер кезінде үлгермегенде, ол пойыз астында көз жұматын еді.Пресногорьковка – Павлодар пойызының жолаушысы вагоннан шығып, теміржол платформасында тұрған дүңгіршекке қарай өтпек болған. Ол Қарағанды – Қостанай бағытында келе жатқан №327 жолаушылар пойызын байқамаған.Қуанышқа орай, дәл осы кезде полицияның аға сержанты Саят Қадыров жедел әрекет етіп, әйелді аман алып қалды. Пойыз жолаушысы өзін құтқарып қалған тәртіп сақшысына алғыс айтты.Оқи отырыңыз: Атырауда жүкті әйел көпірден секірді – видеоСаят Қадыров 1996 жылы Ақмола облысында туған. ҚР ҰҚК шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 2018 жылдан бері "Бурабай шипажайы" стансасындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция тобында полиция қызметкері ретінде еңбектеніп келеді."Көліктегі полиция департаментінің басшылығы адамды құтқару кезіндегі ерлігі мен батылдығы үшін Саят Қадыровты ынталандыру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған көліктегі полиция департаментінің баспасөз релизінде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Полицейский спас женщину от наезда поезда в Боровом
Sputnik Қазақстан
Полицейский спас женщину от наезда поезда в Боровом
2022-01-02T15:22+0500
true
PT0M31S
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:18:1000:768_1920x0_80_0_0_a159b226d713053396e1814ec348ee87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей, ажал
Жедел шешім қабылдаған полицей әйелді ажалдан алып қалды – видео
15:22 02.01.2022 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Тәртіп сақшысы "Бурабай шипажайы" стансасында пойыз астына түсе жаздаған әйелді итеріп үлгерді
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. "Бурабай шипажайы" стансасында көлік полицейі жолаушылар пойызы қағып кете жаздаған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан агенттігіне ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Нұр-Сұлтанның 36 жастағы тұрғыны 2022 жылдың 1 қаңтарында қайта өмірге келді деуге болады. Себебі полицияның аға сержанты Саят Қадыров дер кезінде үлгермегенде, ол пойыз астында көз жұматын еді.
Пресногорьковка – Павлодар пойызының жолаушысы вагоннан шығып, теміржол платформасында тұрған дүңгіршекке қарай өтпек болған. Ол Қарағанды – Қостанай бағытында келе жатқан №327 жолаушылар пойызын байқамаған.
Қуанышқа орай, дәл осы кезде полицияның аға сержанты Саят Қадыров жедел әрекет етіп, әйелді аман алып қалды. Пойыз жолаушысы өзін құтқарып қалған тәртіп сақшысына алғыс айтты.
Саят Қадыров 1996 жылы Ақмола облысында туған. ҚР ҰҚК шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 2018 жылдан бері "Бурабай шипажайы" стансасындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция тобында полиция қызметкері ретінде еңбектеніп келеді.
"Көліктегі полиция департаментінің басшылығы адамды құтқару кезіндегі ерлігі мен батылдығы үшін Саят Қадыровты ынталандыру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған көліктегі полиция департаментінің баспасөз релизінде.