13:51 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
7637 0 0

Құтқарушылар әйелге жасанды тыныс алдыру мен жүрегіне массаж жасап көмек көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Атырауда жүкті әйел көпірден секірді.

Оқиға 7 қарашада сағат 9.35-те болған, деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атыраудағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді", - делінген ақпаратта.

Көпірге келген патрульдік полиция қызметкері секірмекші болған азаматшаны анықтады. Онымен кері байланыс орнатып, өз-өзіне қол салу ойынан қайтарғысы келді. Алайда әйел сөзге құлақ аспай секіріп кеткен.

Су полициясы қызметкерлері әйелге қарай жүзіп, оны судан алып шықты. Ол ес-түзсіз болған. Оқиға болған жерге келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әйелге жасанды тыныс алдыру мен жүрегіне массаж жасап көмек көрсетті. Әйел жедел жәрден келгенше құтқарылды. Кейін ауруханаға жөнелтілді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару операциясына 4 қызметкер мен бір техника, полиция департаментінің 5 қызметкері мен техникасы қатысты.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Атырау, жүкті әйел, өз-өзіне қол салу
Загрузка...

Басты тақырып