Өңірлер

Қарағандыда өзіне қол жұмсақ болған қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды

CC0 / / Петля
Петля - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері жылдам шешім қабылдап, қыздың өмірін сақтап қалу үшін жанталаса қимылдады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қарағандылық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қараша сағат 3.30 шамасында Қарағанды қаласының патрульдік полиция бөліміне Нұркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан химиялық тазалау нысанына белгісіз біреу кірмек болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Бірер минуттан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті.

Химиялық тазалау нысаны көпқабатты үйдің қосымшасында орналасқан. Оқиға орнына жеткен полицейлерге күдікті адам көрінбеді. Полицияны химиялық тазалауда түнгі ауысымда болған екі жұмысшы әйел шақырғаны белгілі болды.

"Сыртқы есікті біреу қағып, жылаған адамның даусы шықты. Бірақ біз есікті ашпадық, полицияға хабарласып, сіздердің келулеріңізді күттік", - деп түсіндірді куәгерлер.

"Менің әріптесім сол жерде қалып, мен фонарьды жағып, іргелес аумақты аралай бастадым. Өрт сөндіруге арналған сатының астынан бір адамды байқадым. Алыстан оның еркек немесе әйел екені көрінбеді. Жақындап келсем, жіпке асылып тұрған қызды көрдім – кейін белгілі болғандай, бұл матадан жасалған белбеу екен. Мен бірден әріптесімді рация арқылы шақырып, қызды жіптен босатып алдық", - дейді полиция қызметкері.

Оның айтуынша, қыздың бойында тіршілік белгілері байқалмады. Осыдан кейін қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіле бастады.

Полиция қызметкерлері жылдам шешім қабылдап, қыздың өмірін сақтап қалу үшін жанталаса қимылдады. Алғашқы көмек көрсеткен кезде қыз тыныстай бастаған кезде, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер полиция бірнеше секундқа кешігіп қалса, науқасты аман алып қалу мүмкін емес екендігін жеткізді. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы бірқалыпты. Полицейлер оның өз-өзіне қол жұмсауына итермелеген себептерді анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Күйзеліске ұшыраған Тараз тұрғыны көпірден секірмекші болды – видео

Назарбаев мектебінде тағы шу шықты: шетелдік қылмыскерді жұмысқа алды ма

Жаңалықтар
0