Әлем

Томирис Байсафаның өлімі: қылмыстық іс қашан қайта қаралатыны белгілі болды

© Instagram / _ahmetova_zhanna_Томирис Байсафа
Томирис Байсафа - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
Қазақстандық студент қыздың өлімі туралы қылмыстық іс бойынша сот  отырысының жалғасып жатқанына төрт жылға жуықтады
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Мәскеудегі Никулин соты 19 қаңтарда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтының студенті Томирис Байсафаның өлімі туралы істі қайта қарауды бастайды.
"Сот отырысы 19 қаңтарға белгіленді", - деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне соттағылар.
Бұған дейін алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Дағыстандағы бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Мұхтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған болатын. Алайда Мәскеу қалалық соты бұл үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға шешім шығарды.
Ақталғанға дейін Муртузали Меджидов қамауда болатын. Бірақ сот шешімінен кейін ол бостандыққа шықты.
Еске салсақ, жазда Никулин сотындағы алқабилер Муртузалидің студент қыздың өліміне кінәлі екені дәлелденбеді деген тұжырыммен ер адамды ақтап алды. Олардың тұжырымы негізінде сот ақтау үкімін шығарды.
Оқи отырыңыз: Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеу соты ақтау үкімінің күшін жойды
Қайтыс болған бойжеткеннің туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль өтемақы алуға тырысқанымен, сот олардың  азаматтық талап-арызын кері қайтарды.
2021 жылдың қазанында Мәскеу қалалық соты ақтау үкімінің күшін жойғаны белгілі болды.
"Өкінішке қарай ақтау үкімінің күші жойылды. Бұған не негіз болғаны әзірше бізге белгісіз. Іс Мәскеудегі Никулин сотының қарауына қайта  жіберілді", - деп хабарлады Меджидовтың адвокаты Шамиль Яндарбаев.

Томирис Байсафаның өлімі

Қайғылы оқиға 2018 жылдың сәуірінде болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтында оқыған 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті.
Бойжеткен Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БАҚ хабарлағандай, Томирис пен Муртузали кездесіп жүрген.
Жаңалықтар
0