Оқиға

Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеу соты ақтау үкімінің күшін жойды

© Instagram / _ahmetova_zhanna_Томирис Байсафа
Томирис Байсафа - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Жазды Мәскеудің Никулин сотының алқабилер соты ер адамды ақтап шыққан. Себебі өлімге қатысы бар деген дәлелдерді таппады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Мәскеу қаласының соты қазақ қызының өліміне қатысты бар деген күдікпен ұсталған Муртузали Меджидовты ақтау туралы үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға шешім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл ақпаратты Меджидовтың адвокаты Шамиль Яндарбаев та растап отыр.

"Өкінішке қарай, сот үкімінің күші жойылды. Осы шешімнің себептерін әлі білмей отырмыз. Іс Мәскеудің Никулин сотына қайта қарауға жіберілді", - деді Яндарбаев.

Айта кетері, бұған дейін Муртузали Меджидов қамауда болған. Ал ақталғаннан кейін сот залынан босатылды. Әзірше, оны қайтадан қамауға алу туралы шешім шығарылған жоқ.

Жазды Мәскеудің Никулин сотының алқабилер соты ер адамды ақтап шыққан. Себебі өлімге қатысы бар деген дәлелдерді таппады. Соның негізінде Меджидовты ақтауға шешім қабылдады.

Томирис Байсафаның туыстары 30 миллион рубль көлемінде өтемақы да талап еткен. Бірақ сот бұл талапты да кері қайтарды.

Томиристің өлімі

2018 жылдың сәуірінде МХҚМИ-дың 4 курс студенті Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатынан құлады. 21 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Бірақ көп ұзамай қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қазақстандық студент қыздың өлімі бойынша Мәскеудегі тергеу амалдары үш жылға созылды. Осы іс бойынша Муртузали Меджидов өткен жылдың шілдесінде қамауға алынды. Биылғы жылдың наурызында іс сотқа жіберілді.

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Асқар Шәкіров біраз уақыт бұрын ресейлік әріптесі Татьяна Москальковадан істі жеке бақылауына алуды және "сындарды тергеу жүруін қамтамасыз етуді" сұрады.

БАҚ-та жазылғандай, Томирис пен Муртузали екеуі кездесіп жүрген. Муртузали Меджидов – дағыстандық танымал саяси қайреткер әрі бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0