Қоғам

Томирис Байсафаның өлімі: экс-шенеуніктің ұлы ұсталды

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуірінде ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірген күдікті ұсталды. Ол Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы, деп хабарлайды "5 канал".

Ақпаратқа сәйкес, Муртузали Меджидов 28 шілде күні Мәскеуде ұсталған. Тергеушілер ол Томиристі терезеден итеріп өлтірді деген болжам жасап отыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеуде қазақстандықты өлтірген күдікті ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Сыртқы істер және ішкі істер министрліктері ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратты нақтылап жатыр", -деді ведомствода.

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық қыздың ісі

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуір айында ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды.

© Instagram / _ahmetova_zhanna_Томирис Байсафа
Томирис Байсафаның өлімі: экс-шенеуніктің ұлы ұсталды - Sputnik Қазақстан
Томирис Байсафа

Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейтінін мәлімдеді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған. Тергеу екі жыл бойы бұл оқыс оқиға емес, адам өлтіру фактісі болғанына дәлел жинақтады.

Бұған дейін қыздың анасы жаңа тергеуші тергеу шаралары толық көлемде жүргізілмегендіктен, "уақыты өтіп кетті" деп есептейтінін айтқан болатын. Ол қажетті материалдар алынбағанын, тиісті сараптамалар жасалмағанын айтты. Жанна Ахметова мұны тергеушілер әдейі істегенін мәлімдеген еді.

Өткен жылдың қазан айында қыздың анасы Тоқаевпен кездесті. Президент бұл оқиғаны жеке бақылауына алған болатын.

Жаңалықтар
0