Оқиға

Нұр-Сұлтанда екі бала отшашудан жарақат алды

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуПиротехника, архивное фото
Пиротехника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Нұр-Сұлтанда жаңа жыл түні пиротехника заттарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан үш адам жарақат алды
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жаңа жыл түнінде ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелмегенін хабарлады. Ал отшашудан үш адам зардап шекті.
"Пиротехника заттарын абайлап пайдаланбаудың салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың екеуі – бала", - делінген ресми хабарламада.
Елорда полициясының бастығы Ержан Сәденовтің айтуынша, жаңа жыл түні жалпы алғанда тыныш өткен. Ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ.
"Бір тәулік ішінде 9 қылмыс тіркелді. Соның алтауы ашылды. Полицияның "102" шұғыл шақыру пультіне азаматтардан 2 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.  Көбісі жол қозғалысы ережесін бұзу, түнгі тыныштықты бұзу және отбасылық жанжалға қатысты шағым айтты", - дейді Сәденов.
Астана жолдарында 73 жол апаты тіркелді, жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ.
Бір мас жүргізуші ұсталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, заңсыз әрекеттер жасамаңыздар, жол ережесін сақтаңыздар, жолда абай болыңыздар. Балаларға отшашуды өздігінен қолдануға рұқсат бермеңіздер. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!",- деп атап өтті полиция басшысы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0