Қоғам

ІІМ басшысы полицейлердің жұмысын тексеріп, мәлімдеме жасады – видео

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Қазақстанның барлық өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа жыл түні 30 мыңға жуық полицей мен Ұлттық ұланның әскерилері қызмет етті
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық гарнизонның бөлімшелерін аралап, полицейлердің қызмет барысы мен жол қозғалысы қауіпсіздігін тексерді.
ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, тәртіп сақшылары қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін күндіз-түні қызмет атқарады.
Жаңа жыл түні 30 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ел көшелерінде қызмет етті.
© Photo : polisia.kzІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Жедел басқару орталығының жұмысын тексерді
Глава МВД Ерлан Тургумбаев проверил работу Центра оперативного управления - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Жедел басқару орталығының жұмысын тексерді
Сондай-ақ Тұрғымбаев қалаларда тәулік бойғы кезекшілік үшін 110 модульді полиция бекеті мен "дабыл түймелері" орнатылғанын айтты.
"Азаматтар көп жиналатын орындарда, көшелер мен аулаларда автопатрульдер және жаяу нарядтар жұмыс істейді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі де қатаң бақылауда. Қиын жағдай болғанда, азаматтарға көмек керек кезде жедел басқару орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен арыз-шағым, өтініштер келіп түседі. Біздің ең бастысы мақсатымыз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдау", - деп атап өтті министрлік басшысы.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық полицейлер жаңа форма киеді
Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев барша қазақстандықты Жаңа жылмен құттықтады.
Жаңалықтар
0